Тегін 10 сотық жерге қалай кезекке тұру керек?
Фото: Ашық дереккөзден
2022 жылдың наурыз айынан бастап Қазақстанның электронды үкімет порталында жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер телімін алуға кезекке тұрудың жаңа қызметі іске қосылды. Соның арқасында қазақстандықтар енді кезекке тұрып, оның қозғалысын онлайн бақылай алады.
Бұған дейін жер телімін алу үшін қазақстандықтар жергілікті әкімдіктерге жүгініп, кезекте тұрғандар тізімі әкімдіктерде сақталатын.
«Осы уақытқа дейін порталда екі қызмет жұмыс істемеді - кезекке қою және жер телімін жекеменшікке сату. Ол жұмыс істей бастады, кезек автоматтандырылған. Қазір халық әкімдікке бармай, барлығын электронды түрде алады. Бұл үшін компьютер және ЭЦҚ керек» деді Қостанай облысы әкімдігінің Цифрландыру, мемлекеттік қызметтерді көрсету және архивтер басқармасының бас маманы Махаббат Сырғабай.
18 жастан асқан кез келген қазақстандықтың жеке тұрғын үй құрылысы үшін 10 сотық жер телімін тегін алуға құқығы бар. Сізде жылжымайтын мүлік - пәтер, үй, гараж, жер учаскесі бар-жоғы маңызды емес. Бірақ азамат тұрғын үйді пайдалануға беру актісіне қол қойғаннан кейін ғана үй иесі бола алады. Көрсетілген мақсатқа жер учаскелерін қайталап тегін беруге жол берілмейді.
«Электрондық үкімет порталына өту керек, осы қызметтің атаулары бойынша іздеуді енгізуге болады немесе «Жылжымайтын мүлік» - «Жер қатынастары» бөлімінде «Қарау немесе алу үшін кезекке қою» қызметін таңдауға болады» деп түсіндірді сарапшы.
Нәтижесінде азаматқа кезекке тұру туралы анықтама не дәлелді бас тарту беріледі.
Ресми деректерге сүйенсек, бүгінде Қостанай облысында 33 мың адам тегін 10 сотық жер алуға кезекте тұр.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық