Теңізге шығар жолы жоқ елдер министрлері онлайн кездесті
БҰҰ Бас Ассамблеясының 76-шы сессиясында Қазақстан Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердінің төрағалығымен Теңізге шығар жолы жоқ дамушы елдер тобының министрлік отырысы онлайн режимде өтті.
БҰҰ Бас Ассамблеясы 76-шы сессиясының төрағасы Абдулла Шахид және БҰҰ-ның ең осал дамушы елдерге арналған Жоғары өкілі Кортни Раттрэй қатысушыларға құттықтау жолдады.
Отырысты ашқан Мұхтар Тілеуберді пандемиядан неғұрлым зардап шеккен осал елдер тобына халықаралық әріптестер мен донорлардан қолдау қажет екенін атап өтті. Қазақстан 2020-2021 жылдарға арналған ТШЖДЕ тобының жаһандық төрағасы ретінде, екі жыл бойы барлық тиісті халықаралық алаңдарда топ елдерінің мүдделерін қорғады.
Кездесу қорытындысы бойынша Министрлік декларациясы қабылданып, Қазақстан бастамасымен осы топтағы елдердің әлемдік нарықтан алыстығы және транзиттік елдерге тәуелділігіне байланысты проблемаларды шешуді жеделдету жөніндегі Жол картасын іске асыру қаралды. Бұл құжат 2024 жылға дейінгі кезеңде осы міндеттерді жедел іске асыру үшін барлық мүдделі тараптардың күш-жігерін біріктіруге ықпал етеді.
Аталған шараға 85-тен астам делегат, оның ішінде 32 елдің сыртқы саяси ведомстволар басшылары, ЮНИДО, ФАО, ЮНКТАД, АзТМЭӘК, МОМД, ДСҰ, ЕЭК және т.б. сияқты БҰҰ халықаралық ұйымдары мен агенттіктерінің басшылары қатысты.
Кездесу аясында 2022-2023 жылдарға ТШЖДЕ тобының келесі төрағасы Ботсвана сайланатындыға айтылды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық