Теңіз жұмысшылары ереуілге шықты
видеодан алынған кадр
Атырау облысындағы Теңіз мұнай-газ кеніші жұмысшылары Маңғыстау облысындағы наразылық акциясына шыққандарды қолдау мақсатында ереуілге шықты.
– Теңіз ереуілде! Біз Маңғыстауды қолдаймыз! – деді әлеуметтік желілерде тараған видеолардың бірінің авторы.
2 қаңтар күні Жаңаөзенде жаппай сұйытылған газ бағасының өсуіне байланысты наразылық шеруі басталды. Сол күні түнгі уақытта президент Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter парақшасында мәлімдеме жасап, жағдайдың бақылауда екенін жазды. Сондай-ақ, азаматтардың өз ойын ашық айтуға құқығы бар екенін жеткізді. Президент тапсырмасымен үкіметтік комиссия құрылып, газ бағасы 120 теңгеден 85-90 теңгеге төмендейтіні хабарланды. Маңғыстау облысының әкімі наразылық білдірген топ алдына шығып, диалог құруға тырысты.
Қазақстанның әр өңірінде Жаңаөзен халқын қолдау үшін бейбіт жиындар өтті. Энергетика министрі журналистердің сауалына жауап бере отырып, жауапкершілікті сезінетін айтты. Ақтауға әскери үлгідегі екі ұшақ келіп қонғаны туралы ақпарат тарады. Мемлекет басшысының тапсырма бергеніне 24 сағаттан асқанымен наразылық білдірушілер әлі тарқамаған. Алаңда газ бен ел үкіметіне қатысты түрлі ұрандар айтылып жатыр.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық