Тбилисидегі наразылық білдірушілер шеруі шегіне жетті
Тбилисидегі Грузия парламентінің жанында өтіп жатқан наразылық шеруінің соңы бөтелке мен тас лақтыруларға ұласты, деп хабарлайды EADaily.
Наразылық білдірушілер шетелден қаржыландырылатын заңды тұлғалар мен БАҚ-ты тіркеуді көздейтін «сыртқы агенттер туралы» заң жобасын бірінші оқылымда қабылдауға қарсы. Полиция жиналғандарға қарсы көзден жас ағызатын газ бен су атқыштарын қолданды. Парламент ғимаратынан депутаттар шұғыл эвакуацияланғаны хабарланды.
Грузия полициясы Тбилисидегі наразылық білдірушілерді парламент ғимаратынан қуып жіберді. Акция таратылғаннан кейінгі жаппай тұтқындаулар туралы ақпарат бар.
Өз кезегінде Грузия президенті Саломе Зурабишвили шерушілерді қолдап, шетелдік агенттер туралы заңға тыйым салуға уәде берді.
Бұл ретте Еуроодақтың сыртқы саясат басшысы Жозеп Боррелл Тбилисиде наразылық тудырған шетелдік агенттер туралы заң ЕО құндылықтарымен үйлеспейді және Грузияның Еуропалық Одаққа қосылу мақсатына қайшы келеді деп мәлімдеді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық