Тбилисиде бірнеше мың адам Украинаны қолдаған шеруге шықты
Тбилисидегі наразылық білдірушілер Грузия премьер-министрі Ираклий Гарибашвилидің Украина мәселесіне қатысты ұстанымы үшін отставкаға кетуін талап етуде, деп хабарлайды «Новости Грузия».
Бұған дейін Гарибашвили Украинадағы әскери операция басталғаннан кейін Батыстың Ресейге қарсы салған қаржы-экономикалық санкцияларына Грузия қосылмайтынын мәлімдеген.
Отставкаға кетуге шақырулар Украинаны қолдайтын ұрандарға жалғасты. Митингке қоғам қайраткерлері, саясаткерлер, белсенділер мен қарапайым азаматтар қатысты. Акцияға «Дроа» партиясы бастамашы болды, кейін бұл идеяны басқа оппозициялық күштер де қолдады. Көптеген саясаткерлер, соның ішінде Грузия парламенті депутаттары қатысқанымен, митингке олардың жетекшілері мен спикерлері келген жоқ.
Шерушілер үкімет әкімшілігі ғимаратын Украина туының түстерімен жарықтандырды, содан кейін парламентке көшті. Руставели даңғылында көлік қозғалысы тоқтап қалды. Оқиға орнына полиция жұмылдырылды.
Украина президенті Владимир Зеленский грузин халқына көрсеткен қолдауы үшін алғыс айтты. Бұл туралы ол өзінің Twitter парақшасында жазды.
«Грузиндіктер достарға қолдау көрсету керек екенін түсінетін керемет халық! Тбилисиде және басқа қалаларда Украинаны қолдап, соғысқа қарсы шыққандардың барлығына рахмет. Расында да, азаматтар үкіметтен жақсы болатын кездер болады» деп жазды Зеленский.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық