Тәжікстанда тырысқан немесе қара киім киюге тиым салынды
Фото:Pexels
Тәжікстанның ғұламалар кеңесі ұлттық киім киюді қолдайтын пәтуа шығарып, әйелдер мен қыздарға «тырысқан, қара түсті киім киюден» бас тартуға кеңес берді. Яғни, шенеуніктердің пікірінше, тәжік мәдениетінен «бөтен» киім киюден бас тару керек.
Пәтуада тырысқан және дене бөліктері көрінетін киімдер адам назарын аударатыны айтылған. Сонымен қатар, қара түстің ханафи мазһабы тұрғысынан парыз еместігін, Тәжікстанның ұлттық ерекшеліктері мен географиялық жағдайларына сәйкес келмейтіні мысалға келтірілген. Бұл ретте пәтуада, қара киімнің қандай екені нақты көрсетілмеген, бірақ, арабтардың қара шапандары, сондай-ақ хиджаб пен орамал бас киімдері дегенді білдіреді.
Тәжікстанда әлі күнге дейін «бөтен» деп аталатын киімге қатысты ресми түсініктеме жоқ, бірақ билік негізінен «исламдық» деп аталатын киімдерді киюге тыйым салуды көздеп отыр. Тәжікстан билігі қабылдаған қадамдарды Мұсылман ғұламалар лигасын айыптап, Ауғанстандағы кейбір радикалды діни қызметкерлер «жиһад» жариялады.
Тәжікстандағы ұлттық және «бөтен» киімдерге қатысты даулар көп жылдар бойы толастамай келеді. Билік ұлттық құндылықтарды дәріптеу және экстремизмнің алдын алу үшін этникалық киім үлгілерін насихаттап жатқанын айтады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық