Тәжікстанда парламенттік сайлау өтті
Фото: Тәжікстан парламентінің ғимараты
Тәжікстанның Орталық сайлау комиссиясы парламенттік сайлауды өтті деп таныды, оған сайлаушылардың 59 пайызы қатысты, деп хабарлайды Orda.kz.
Барлығы 5 миллион 522 мың 88 адам дауыс беру құқығына ие болса, оның 20 пайызға жуығы кәмелеттік жасқа толған және өміріндегі алғашқы рет дауыс беруге қатысады. Сайлау учаскелеріне сайлаушылардың 50 пайыздан астамы келсе, сайлау өтті деп танылатыны белгілі.
Ал, ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясының бақылаушылары атап өткендей, Тәжікстан халқы парламенттің төменгі палатасына сайлауда елдің бүгіні мен болашағы үшін дауыс беріп жатыр.
ТМД Парламентаралық Ассамблеясы (ПАА) байқаушылар тобының үйлестірушісі Дмитрий Капицкий сайлаудың жоғары деңгейде дайындалғанын, сайлау учаскелерінің халықтың барлық топтары үшін қолжетімділігін атап өтті.
Елде аралас сайлау жүйесі бар: парламенттің төменгі палатасы 63 депутаттан тұрады, оның 22-сі жалпыұлттық бірыңғай сайлау округі партиялық тізімі бойынша, ал қалған 41-і бір мандатты округтерден сайланады.
63 депутаттық орынға 241 кандидат таласады. Оның ішінде 176 кандидат бір мандатты 41 сайлау округінде, 65-і бірыңғай жалпыреспубликалық сайлау округінде партиялық тізімде, Парламенттің төменгі палатасы депутаттығына ресми тіркелген кандидаттардың ішінде 48 әйел бар.
Сайлауға партиялық тізімдер бойынша 22 депутаттық мандатқа 103 кандидат, ал бір мандатты округтер бойынша 41 депутаттық мандатқа 135 кандидат таласады. Бір мандатты округтер бойынша депутаттыққа кандидат ретінде 48 әйел ұсынылды.
Елдегі тіркелген жеті саяси партияның алтауы алдағы парламент сайлауына өз кандидаттарын ұсынды. Бірыңғай жалпыреспубликалық сайлау округі бойынша 68 кандидат қатысуда.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық