Тазабектің саяси күреске қатысы бар ма?
Ұлттық арнадағы «Тәлім Trend» бағдарламасы жайлы не білесіз? Бағдарламаның бірнеше шығарылымы шыққанда қоғам белсенділері бірден дабыл қақты. Осылайша, «Тәлім Trend» өз көрермендерін хейтерлермен толықтырды.
Жүргізушілердің бірі - Мұхамеджан Тазабек жайлы айтайық. Бұл тұлға қазіргі таңда үлкен талқыға түсіп жүр. Аудитория пікірі екіге бөлінген. Әлеуметтік желі пікірталас майданына айналған. Мұхамеджан Тазабек кім және қандай адам?
Әркімнің өз шындығы бар, бірақ ақиқат біреу. Ендеше респонденттер (сұхбат берушілер - ескерту ORDA) шындығымен таныс болайық!

Шындықты білейік!
Нұрболат Айекешов - әлеуметтанушы, қалалық Қоғамдық даму басқармасының «Мониторинг және талдау» орталығының бөлім басшысы.
Өркен Кенжебек - блогер, «Хабар» арнасындағы «Арнайы жобалар» қызметкері.
Тілші: Сіздің Мұхамеджан Тазабек туралы пікіріңіздің қалыптасуына не әсер етті?
Нұрболат Айекешов: 90 жылдары Мұхамеджан Тазабек «Отан» партиясының ұйымдастыруымен болған айтыстарда танымал болды. Айтыскерлердің ішінде өзіндік стилімен ерекшеленген. Кейін мен оны 15 жылдай назарымнан таса қылып алдым. 2013-2014 жылдары діни экстремизм мен терроризмге қатысты әлеуметтік зерттеулер жүргізгенмін. Дәл осы кезде түрлі сыбыстардың куәгері болдым. Рас-өтірігін ажырату мақсатында тапсырыс берушілерге ұсыныс білдіргенде, барлығы дерлік қарсылық білдірді. Шынымды айтсам, таңғалып қалдым.
Өркен Кенжебек: Жеке таныстық. Әрі ол таныстық 10 жылдан аса жалғасып келе жатса, Мұхамеджан аға жайлы пікірім қалыптасқан деп айтуға болар. Дінімізде де, дәстүрімізде де қандай да бір адамға баға берудің өлшемдері баяғыдан бар. Бос уақытын неге арнайды, білім көзін қайдан алады, үйдегі құрметі қандай екенін білу, сапарлас болу, қарыз алу-беру дегендей критерийлердің көбінде Мұхамеджан Тазабекті жақын танығаным рас. Сөзі мен ісінің үйлесімін, арманы мен оған жетер мақсатының бірлігін көресің дегендей. Сондықтан, он жыл бойы Тазабек тұлғасын пенде ретінде де, қоғам қайраткері ретінде де бағамдағанда, жақсы адам, ұлт жанашыры дегеннен артық ештеңе айта алмайды екенмін.
Тілші: Алдағы уақытта ол туралы сіздің ойыңызға қарсы дәлелді ақпарат шығып жатса, пікіріңіз өзгеруі мүмкін бе?
Нұрболат Айекешов: Мен ол кісімен нақты таныс емеспін, сондықтан да ойымның өзгеру, өзгермеуін білмеймін. Мен, біріншіден, Тазабектен сұхбат алып, онымен сөйлесіп, зерттеп көргім келеді. Қазіргі уақытта білетініміздей Мұхамеджан Тазабек- танымал «жұлдыз». Соған қарағанда, жақын арада сұхбат бермейтін сияқты.
Басқа адамдардан ол жат ағымдағы адам дегенді естуім бар. Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасы Тазабекке қарсы екенін білемін. Бұл - діни бірлестіктің шеңберіндегі саяси күрес болуы мүмкін. Өз басым барынша бейтарап қарап, тек эксперт ретінде зерттеу жүргізгенді жөн көремін.
Өркен Кенжебек: Жоқ. Себебі, Мұхамеджан ағаны он жылда жақсы таныдым деп ойлаймын.
Айтылған шындықты естідік. Олай болса, ақиқатын білейік.
Зерттеуді ақпараттар ағымына мониторинг жасаудан бастадық.

«Асыл арна» телеарнасының негізін салушы Мұхамеджан Тазабек туралы алғаш материалдар болжамды түрде 2011 жылдан бастап жазылды. Арада төрт жыл салып қоғам арасында Тазабек бастамасымен ашылған арнаға сұрақтар қойылып, осы арада біраз шиеленісті ой-пікірлер пайда болған. Кейіннен 2019 жылы айтыскер ақын жайлы даулы істер қозғалды. Енді міне бір жыл өткенде дау басылар емес.
Осы уақытқа дейін дінтанушыға байланысты 5 тақырып алма кезек тілге тиек етілген:
- Мұхамеджан Тазабектің полицейлерге жүргізген насихаты.
- Отбасындағы бала тәрбиелеу мәселесі.
- Мұхамеджан Тазабектің мектеп оқушыларына жүргізген үгіт-насихаты.
- Тазабектің ашық киінген әйелдердің ерлер импотенциясын тудыратындығы жайлы мәлімдемесі.
- Дінтанушының өзге ағымға түскендігі жайлы болжамдар.
Аталған тақырыптар бір жылды емес, бірнеше жылды қамтып, ел назарынан кетер емес. Соңына дейін ең шулы және хейтер көп жинаған - «Асыл арна» директорының полицейлерді қарапайым халыққа айдап салуы туралы жазылған материалдар болатын.
Көптен күткен мойындау
Алайда, оны Мұхамеджан Тазабектің жат ағым туралы мәлімдемесі басып озды. Аталмыш мәлімдеме 2020 жылдың 5 қарашасында ресми түрде жарияланды.
«Асыл Арна» директоры ұзақ жылдар бойы өзге ағымға қарағанын мойындады. Діни ағымының дұрыс еместігіне Наурызбай қажы Тағанұлы (бас мүфти – ескерту ORDA) көз жеткізіп бергендігі туралы айтты. Қорытындылай келе, «Асыл арнаның» жабылатындығын мәлімделді. Мұхамеджан Тазабектің айтуынша, «Асыл арна» толықтай Қазақстан Мұсылмандар Діни басқармасына берілді. Жоспар бойынша, діни арна жаңадан ашылатын «Халық арна» басқармасында болады.
Арналар былығы
Ресми деректерде жаңадан муфтияттың төл арнасы «Халық арнаның» ашылатындығы жайлы айтылған. Ол Қазақстан Мұсылмандар Діни басқармасының 30 жылдығымен сәйкес келеді. Басшылығына- Нұржан Таласұлы тағайындалған.
Зерттеу барысында Wikipedia іздеу жүйесінде Қазақстан телеарналарының тізімінде мемлекеттік «Халық арна» тіркелмеген. Арнаның ресми парақшасы бар, бірақ жабық. Басқа дереккөздерді қарай келе, арна 2017 жылдың қыркүйегінен бастап ойын-сауықтық және танымдық бағытта хабар таратады. Оны «iD TV» бойынша 17 арна, «Otau TV» бойынша 145 арнадан қарауға болады. Сонда жаңадан ашылып жатқан «Халық арнаның» ескі арнадан айырмашылығы неде? Осы жайлы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінен сұрап көрдік. Өкінішке орай, жауап болмады.
Ендігі кезекте, мемлекеттік тағы бір «Тәлім TV» арнасы ашылу көзделіп отыр. «Тәлім Trend» жүргізушісі Мұхамеджан Тазабек бастаманы бастауы мүмкін. Қазіргі таңда оның тіпті трейлері шығып үлгерген.
Осыдан кейін «Асыл арнаны» Сауд Арабиясы қаржыландырады деген мәлімет пайда болды. Ендеше жаңадан ашылатын «Халық арна» мен «Тәлім TV» мемлекеттік арна болып тіркелсе, діни насихат таратуға қаншалықты құқылы? Әлде қаржыландыру басқа жерлерден келе ме? ORDA редакциясы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне және Қазақстан Мұсылмандар Діни басқармасына сауалдар қойды. Жауапты 4 күн күттік, ешқандай жауап келмеді.
«Асыл арна» жабылды, орнына «Тәлім TV» ашылады. Мүмкін, арна тек атауын өзгертті. Бұл енді бізге жұмбақ болып қалмақ.
Діннен кетіп, қоғамдық борышты атқармақ па?
Асылбек Ізбайыров, саясаттанушы:
«Мұхамеджан Тазабек соңғы кездері мемлекетке қызмет атқарып жүр. Сондықтан оның кенеттен мәлімдеме жасауы PR қадам (жарнамалау- ескерту ORDA) деуге келмейді. Тіпті оған дәлел, оның діни арнаны жауып орнына тәрбиелік «Тәлім TV»-ді ашуы. Мен бұл жерден Тазабектің діннен алшақтауын көремін».
Алайда қоғам арасында түрлі пікірлер бар. Мысалыға, суруриттің тақийаны (сәләфиттің бір тармағы «діни сеніміңді әдепті түрде жасыра білу» ұғымын ұстанады - ескерту ORDA) бұзуы күмән келтіреді. Осы орайда, журналист Серік Абас-шах өз Facebook-інде түрлі дәлелдер келтірген болатын.
Оның жазбасына сүйенсек, тақийадан тек ұлы істер жасау мақсатында, яғни, насихатты таратуды жалғастыру үшін бас тартылады. Сонымен қатар, әлеуметтік желіде сәләфиттер ресми түрде өздерінің діни ағымын мәлімдемейді және сектадан шығуға болмайды деген пікірлер бар. Бірақ дінтанушылар онымен келіспейді.
Кеңшілік Тышқанұлы, Л.Гумилев атындағы Евразия Ұлттық университеті, дінтану кафедрасының меңгерушісі:
«Тақийаны, әдетте, белгілі бір мақсатта ұстанады. Бұл дегеніміз – қоғам алдында жиіркеніш сезімін тудырмау мақсатында ұсталады. Соңғы мәліметтерге сәйкес Мұхамеджан Тазабекке сенуге болмайды деген пікірлерді қолдамаймын. Себебі, шариғат бойынша адамға сену керек. Сонымен қатар, Тазабектің медиа тұлға екендігін айтқым келеді, егер ол айтқан ұстанымдарына ілеспесе, бұл байқаусыз қалмайды».
Дінтанушының айтуынша, жат ағымдағы адам өз ортасына және ықпалды тұлғаның әсер етуімен ол ағымнан шыға алады. Бұл жерде ешқандай қиындық жоқ. Пенде болған соң қателесеміз, қателігімізді мойындай білу керек.
Айта кетсек, зерттеу барысында ORDA редакциясына мамандар жауап беруден қашқалақтады. Жоғарыда әлеуметтанушы Нұрболат Айекешовтың айтқанындай, бұл саяси күрес болуы мүмкін. Мамандар дін басқармалары арасындағы саяси қақтығысқа араласқысы келмеді.
Мәлімет беру бізден, шешім қабылдау сізден!
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық