Тазабеков Сауд Арабиясының қаржысы арқылы теріс үгіт жүргізді – ақын
Белгілі ақын Светқали Нұржан сұхбат беріп, елдегі діни ахуал мен түрлі ағымдар жайлы, 30 жыл ішінде жүргізілген саясат, Назарбаевтың сынағы мен Тоқаевтың жалғыз қайғысы туралы ойын айтты.
– Әңгіменің шыны, Қасым-Жомарт Кемелұлы Ресейде оқыған, Қытайда, Еуропада саяси қызмет атқарған. Ол кісі уақытында діни ахуалдың ұшқындап тұрғанын түсінбеген шығар. Деструктивті діни ағымдардың қатерін толық сезінбеген болуы мүмкін. Бірақ Құдай осы қаңтарда көрсетті. Сондықтан бұл бір қорытынды шығаратын мүмкіндік. Ол жолдан шығатын адамның қаруы – адал жүрегі, таза ақылы, шын ниеті. Міне осы күш ұлтымен бірге алып шығады. Бұл бір салмағы ауыр сабақ болды. Азаттығымыздан айрылып қалмай, Қазақстанымызды сақтап қала алдық. Сол жолда табаны таймай тұрып қалғаны үшін жүрегіме қолымды қойып, Тоқаевқа құрмет қылам. Бұрын бір сұхбат үстінде айтқанмын, отыз жыл бойы мешіттер салдық. Отыз жыл бойына іргемізге бомба қоятын террорист дайындадық, - деді Светқали Нұржан «Сұрауы бар» арнасына берген сұхбатында.
Сондай-ақ, ақын Нұрсұлтан Назарбаев туралы пікірін айтты. Ақынның пікірінше, Назарбаев отыз жыл бойы сынақта болған.
– Ол кісі отыз жыл бойы сынақта болды, ендігісі жаза. Тек таққа мінген күні өзін Құдай санаған адамның ақыры немен бітеді? Ақыры белгілі ғой. Солай болды. Табалаудың қажеті жоқ. Уақыт өз төрелігін айтады. Заманында екі сайлаудан кейін орнын лайықты азаматтарға бергенде мұндай болмас еді. Жат күштермен сыбайласып, ұлттық құндылықтарға шабуыл жасамағанда бұлай болмас еді. Біз бала сату деген сұмдықпен айналысқан елміз. Бала сату деген мәселе бүкіл әлемнің аждаһаларын елімізге шақыру болды. Соны ұйымдастырған адамға не деуге болады? – деді қоғам қайраткері.
Светқали Нұржан Мұхамеджан Тазабекке не үшін шүйліккенін айтып, Тазабектің қайтарған жауабын оқығанын айтты.
– Сауд Арабиясының қаржысымен «Асыл арна» деген телеарна ашып қойып, Назарбаевтың желеуімен, Сатыбалдының жебеуімен, Тілеухановтың демеуімен теріс үгіт жүргізген мен емес. Қожа Ахмет Яссауи бабамыздың кесенесін, экранға отқа орап салды. Осының бәріне ол «мен осындай қате жібердім, вахаббизм деген улы идеяны қоғамға жүргіздермей қойып, менің жолыма бөгет болып, Назарбаевтың пәрменін пайдаланып Қожа Ахмет Яссауи жолының талқанын шығардым» деп ұлтының алдында ақталған жоқ. Мен бәрін әшкерелемей-ақ қояйын. Уақыт өзі әшкерелейді. Алдымызда басқа бір таң келе жатыр. Сол кезде ақиқаттың айнасы көрінеді. Сол айнаға қалай қарауды ойлау керек. Оның артында қаһарлы күш тұр ғой. Отыз жыл бойы көрдік. Алматыда қырғын салған, Сирия мен Иракқа кеткен, сақалы ұзын, ақылы қысқа, көзінің нұры сөніп кеткен, қара жамылып жүрген бауыр-қарындастарымыздың біреу жауабын беру керек қой, - деді ол.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық