Тәуелсіздік күні алаңға жиналған желтоқсаншылар не деді?
Фото: Orda.kz
Алматыда таңертең «Тәуелсіздік» монументі алдына гүл шоқтарын қою рәсімі өтті, оған қала әкімі мен қоғам қайраткерлері қатысты. Метрономның үнімен Қазақстанның тәуелсіздігі жолында өз өмірлерін қиғандарды бір минут үнсіздікпен еске алды. Orda.kz тілшісі алаңға жиналған желтоқсаншылармен тілдесіп қайтты.
«Тәуелсіздік» монументінің алдына бірінші болып гүл шоғын қала әкімі Ерболат Досаев қойды. Сонымен қатар, мерекелік шарада мәслихат депутаттары, қоғамдық кеңес мүшелері, Қазақстан халқы ассамблеясы мен желтоқсан оқиғасының қатысушылары болды.


Монумент алдына Тоқаевтың «1986 жылы Қазақ халқының ұлдары мен қыздары Кеңес өкіметінің қаһарынан қорықпай, ұлт намысын қорғау үшін көшеге шықты. Бес 5 жылдан кейін біздің Тәуелсіздігіміз жарияланды. Біз желтоқсан батырларының ерлігі мен қаһармандығын лайықты бағалап, жан-жақты дәріптеуіміз керек» деген жазуы бар желтоқсаншылар бірден көзге түсті. Олардың бүгінгі басты талабы - саяси мәртебе алу.


«Неге біз мемлекеттік мәртебе сұрап жатырмыз? Өйткені қазір көптеген желтоқсаншылардың әлеуметтік жағдайы нашар, көбісі мүгедек. Ауған соғысына қатысқан, Чернобыльге қатысқандарға Ұлы Отан Соғысы қатысушыларына теңестіріп мәртебе берген. Тәуелсіздіктің таңын атырған осы - желтоқсаншылар, мемлекеттік мәртебені осы үшін сұрап отырмыз», дейді желтоқасан оқиғаларының қатысушысы Көкен Азат Абақұлы.
Сондай-ақ, алаңға өзінің ядролық қарумен күресімен танымал Амантай қажы да келді. Ол Семей полигонының жабылғанын еске салып, жиналғандарды тәуелсіз Қазақстанның жетістіктерімен құттықтады:
«Олжас аға (Сүлейменов) Семей полигонын жапты. Тәуелсіздік алғаннан кейін көп нәрсе өзгерді. Біз өз алдымызға жеке тәуелсіз шаңырағымызды құрдық»,
деп мәлімдеді Амантай қажы.
Сондай-ақ, алаңға жиналағандар арасында қаралы күндердің естеліктерімен де бөліскендер де болды. Олардың айтуынша, арада қаншама жыл өтсе де әлі де ол сәттен оңала алмағандар көп екен.
«Көзімше екі қазақ қызы қайтыс болды. Екеуінің басынан офицер келіп, дубинкамен ұрды. Осы екі қызды қанша жыл таба алмай жүрмін. Естуімше , екі денені Павлодарға алып кеткен. Адам қанды көргенде, жынданып кетеді екен. Бірінші күні ұсталғаным жақсы болды, соның арқасында ғана тірі қалдым. Желтоқсан көтерілісі кезінде 35 жастамын, желтоқсаншылар арасындағы ең үлкені едім. Қоғамтанушылар есепке алғанда қатысушылар 16-32 жас аралығында деп есептеді, сонымен мен тек 30 жылдан кейін «Желтоқсаншы» құжатын қолыма алдым, ала алмай жүргендер әлі қаншама», дейді желтоқсаншы Толғанбай Ғалымбек.
«Өкінішті, қаншама ана баласынан айырылды, өкінішті. 1986-2011-2022»
Қолына ерекше жазуы бар плакат ұстаған Жақып Аманқұлмен де сұхбаттастық, 1986 жылы басынан өткізген өзінің оқиғасымен бөлісті.
«Сағат үштен кейін алаңға шықтым, адамдар ақырындап жинала бастады. Кешке қарай жан-жақтан БТР мен ЗИЛ көліктері келіп, бізге су шашты. Кешке қарай баракқа қаштым, сондықтан да аман қалдық. Көршілерім ұсталып, Талғарда түрмеде отырған », дейді Жақып Аманқұл.


Бүгін тәуелсіздік алаңы өткен мен бүгіннің тоғысқан жеріне айналды. Біреулер еске алады, екіншілері ризашылықтарын білдірсе, ал қалғандары осындай қайғы қайталанбаса екен деп тілек тіледі.
Жаңалықтар
- 32 ауыр жүк көлігі жолда қалды: Артық жүк артқан тасымалдаушылар жазаланды
- Мемлекет басшысы бірқатар елшіні тағайындады
- «ҚазТАГ» және Freedom Finance ісі бойынша сот тергеуі аяқталды
- Трамп хуситтердің Сауд Арабиясында теңіз блокадасын бастау туралы мәлімдемесіне жауап берді
- Министр: Тұрғын үй бағасының зейнетақы жинағына қатысы жоқ
- Әскерде зорландым деп ақша жинаған адам сотталды
- Енді темекі шегетіндер өкпе обырына тегін тексеріле алады
- Тамыздан бастап Қазақстанда не өзгереді: Жүргізуші куәлігі, жаңа сайлау
- Махамбет Өтемісов атындағы университеттің ректоры ұсталды деген ақпарат тарады
- Дастан Сәтпаев «Челси» сапында дебют жасады
- 31 жастағы ер адам 74 жастағы әйелді пышақтап өлтірді
- Астанада өз бетінше автобус жуып жүрген жігіттің әрекеті мемге айналды
- Нұрай Серікбайдың ісі: Сот алқабилерсіз өтуі мүмкін, жәбірленуші тарап тікелей эфир талап етті
- Жаңа талап: Жүргізуші куәлігін жарамсыз етуге қандай негіз бар?
- Қорапқа салып берді: Жаңа туған үшем Алматы облысындағы ауруханада шетінеп кетті
- Қазақстан қорықтарында 19 орман өрті тұтанды
- Трамп Канададан келетін тауарларға 50 пайыздық баж салығын енгізді
- Тоқаев Испания құрамасын футболдан әлем біріншілігіндегі жарқын жеңісімен құттықтады
- ӘЧ-2026: Испандар жеңісі үшін гауһар тасты 30 алтын жүзік алады
- Павлодар облысында құдыққа түскен алты адам қаза тапты: Марқұмдардың ең жасы 16 жаста