Тәуелсіз «Орда» сайтының бас редакторы 2 айға үй қамаққа қамалды
Коллаж: Orda.kz
1 желтоқсан кешінде сот «Орда» сайтының бас редакторы Гүлнәр Бажкенованы екі айға үй қамаққа алу туралы қаулы шығарды. Бұл жөнінде оның адвокаты Мұрат Адам хабарлады.
Бүгін редакцияның Алматы мен Астанадағы кеңселерінде, сондай-ақ бас редактордың үйінде тінту жүргізілді. Құқық қорғау өкілдері редакция адвокаттарын ғимаратқа кіргізбей қойды.
Күндіз полиция «Орданың» шеф-редакторын, алматылық редакцияның шеф-редакторын, шығарушы редакторды және есепшіні тергеуге алып кетті. Қызметкерлердің телефондарын тәркіледі.
Алматыдағы кеңседе бас редактордың кабинетіндегі сейфті бұзып ашты. Құзырлы органдар редакция қызметкерлеріне берілуі тиіс жалақы қорын түгелдей алып кетті.
Полиция департаменті жалған ақпарат тарату фактілері бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.
Редакция төңірегіндегі жағдай ушығып тұрған кезде сөз бостандығын қорғаумен айналысатын халықаралық «Әділ сөз» қоры ашық мәлімдеме жасады.
Айта кетейік, бүгін қарулы күштер қаулы көрсетпестен, қорғаушыларды кіргізбей, журналистерді бес сағаттан астам уақыт бойы кеңседе қамап ұстады.
Бұған дейін саяси мақалалар жариялағаннан кейін «Орда» редакциясына түрлі қысым көрсетіліп, шабуыл жасалғанын айта кетейік. Біздің қызметкерлеріміз тұратын жерге бейтаныс адамдар келіп, өздерін полиция қызметкері ретінде таныстырып, көршілерден сұрақ-жауап алып, жасанды суреттер көрсетіп, журналистің іздеуде жүргенін айтып кеткен жағдайлар да тіркелді. Тіпті «Orda» редакциясының Instagram және Facebook-тағы парақшалары тағы да бұғатталған кездер де болды. Сонымен қатар бас редакторымыз басылымды қалай тартып алмақ болғандары жайлы ашық айтып берген еді.
Айта кетейік, құқық қорғаушы Галым Агелеуов «Дождь» телеарнасында Orda.kz жайлы сөз сөйледі. Ол Қазақстанда журналистерге еркіндік жоқ екенін атап өтіп, Гүлнәр Бажкеноваға ашылған істер — саяси тапсырыс екенін ашық айтты. Оның сөзінше, Қылмыстық кодекстің 274-бабы («Көрінеу жалған ақпарат тарату») мен 174-бабы («Араздық қоздыру») Қазақстанда тәуелсіз журналистер мен блогерлерге қысым көрсету құралына айналған. Ол бұл істерді марқұм Айдос Садықов пен Мұрат Нұртілеуге қатысты Orda.kz жасаған материалдармен байланыстырды.
Жаңалықтар
- Опырылған Кеген-Нарынқол күре жолының жағдайы қандай?
- Түркістан облысында жалған айғақ беруге азғырған адвокат сотталды
- Миллион оқырманы бар қытайлық блогерге Тоқаев атынан «Достық» ордені табысталды
- Еліміздегі 111 мың «ақылды» ЖИ камералары жүргізушілерді қалай қадағалайды?
- Алматыдағы Сәтбаев көшесінің бойындағы плиталар не үшін ауысып жатыр?
- Қазақстандағы пайдалы қазбалар қоры сарқылып барады
- Зейнеткерді соққыға жығып, видеоға түсірген жасөспірімдерге сот үкімі шықты
- Президент бақылауында: ІІМ Алматыдағы резонансты жол апаты бойынша тергеуді күшейтті
- Иран соғысы: Таяу Шығыс елдерінің туризм саласындағы шығындары 56 млрд долларға жетті
- Лукашенко: Трамп саясатында демократияның нышаны да жоқ
- Атырауда шенеуніктер футбол командасына 3,75 млрд теңге жұмсамақшы
- АҚШ-тың бас прокуроры Эпштейн ісі бойынша куәлік береді, Қазақстанда да файлдар тексеріледі
- Шымкент тұрғындары жер сілкінісін сезді
- Павлодарда жаңа туған сәбиін 800 мың теңгеге сатпақ болған ана ұсталды
- Әнші Гүлнәр Сиқымбаеваның жалғыз ұлы әлі табылмады: Жұбайы «Бармысың, бауырымға» жүгінді
- Президент ШҚО әкіміне инвестиция тартып, өңірдегі туризмді дамытуды тапсырды
- Қазақстандықтардың жартысы 340 мың теңгеден аз жалақы алады
- Француздардың контейнер кемесі соғыс басталғалы алғаш рет Ормуз бұғазынан сәтті өтті
- Сақал – сән емес, салмақ: Қазақтағы сақал-мұрт қоюдың мәні мен міндеті
- «Кеген–Нарынқол» трассасында жолды су шайып кетті