Тау бөктеріндегі бейберекет құрылыс - алматылықтар Досаевпен кездесті
Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевпен кездесуде тау бөктеріндегі тұрғындар бақылаусыз салынып жатқан құрылыстарға шағымданды, деп хабарлайды Orda.kz.
Әкіммен кездесуде ашық микрофон айналасында сөз сөйлегісі келетіндер қатары түзілді. Сұрақтардың басым бөлігі заңсыз құрылысқа қатысты. Таудағы бағбандық бірлестіктердің кең аумақтары қосылғаннан кейін бұл мәселені әсіресе, соңғы көшкін кезіндегі қайғылы оқиғаларға байланысты Медеу ауданының тұрғындары қатты сезінуде.
«Осы жағдай кезінде қаза тапқандардың туыстарына көңіл айтамын. Себептер техногендік және шаруашылық тұрғыдан. Менің сұрағым су заңнамасын бұза отырып жүргізіліп жатқан құрылысқа қатысты. Осындай құрылыс салдарынан адамдар қаза табады», – дейді қоғам қайраткері.
Екі жыл бұрын 15 градустан жоғары беткейлерде құрылыс салуға тыйым салу мәселесі көтерілген болатын. Бірақ белсенділердің айтуынша, мұндай жерлердегі құрылыс күні бүгінге дейін жалғасуда.
«Бақылау мүлдем жоқ. Құрылыс салушылар әлі де заңдағы олқылықты пайдаланады: олар жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер сатып алады, содан кейін көп пәтерлі тұрғын үй кешенін салады. Сондай-ақ құрылыс үшін беткейлер толтырылып, бау-бақшалар түп-тамырымен жойылып жатыр. Каменский үстіртінде мұндай бірнеше учаске бар», - дейді жергілікті белсенді.
Әкімге қарата сөз сөйлеген тұрғындар одан болашақта адам өмірін сақтап, өзінен бұрынғылардың қателігін түзететін басшы болуын сұрады. Осы орайда Есентай өзенінің бойында орналасқан «Grand Asia Kempinski» деп аталатын қонақ үйді де еске түсірдік. Қоғамдық белсенді Ю.Н.Маленькихтің айтуынша, 2014 жылы салынған құрылыс су қорғау аймағында орналасқан және су заңнамасы нормаларын түбегейлі бұзады.
«Кезінде Есімов су қорғау аймағын қысқарту туралы қаулыға қол қойды, негізі бұл тек Қазақстан Республикасы үкіметінің құзырында. Оның үстіне ҚР Президенті Әкімшілігінің қонақ үйінен жоғары аэродром салынды», - дейді Маленьких.
Досаев өз кезегінде құрылыс қызметі туралы заңда кемшіліктер бар екеніне тоқталды.
«Бүгінде жеке тұрғын үй құрылысы рұқсатсыз салынып жатыр. Құрылыс аяқталғаннан кейін хабарламалар заңдастыруға жіберіледі. Бір жағынан, жеке тұрғын үй құрылысы азаматтардың жеке баспанаға ынталандырса, екінші жағынан рұқсат беру тәртібін ретке келтіру де керек», - деді әкім.
Бастапқыда тұрғындар мен әкімнің кездесуі сағат 9:00-ге жоспарланған болатын, бірақ әбден кеш болғанда уақыт бір сағат бұрынға ауыстырылды, залдағы бос орындар содан болса керек.
Естеріңізге сала кетейік, ақпанның 7-нен 8-іне қараған түні Медеу ауданындағы «Тау-Самал» шағын ауданында лай көшкіні жүріп, төрт адам қаза тапқан болатын.
Жаңалықтар
- Тоқаев: Моңғолиямен ортақ тарих біріктіретін біртұтас тамырланған көшпелі өркениет ұрпағымыз
- Қазақстандағы екінші АЭС Мойынқұм деп аталады
- АҚШ пен Иран арасындағы кезекті келіссөз қашан өтеді?
- Ерболат Досаев тағы бір қызметінен айырылды
- Мексикадағы пирамида маңында атыс болды: Екі адам қаза тапты
- Иран билігі АҚШ-пен келісімге келу үшін делегация жіберді
- Тим Кук Apple компаниясының бас директоры қызметінен кетеді
- Мұхтар Шаханов қайда жерленетіні белгілі болды
- Залал 2 млрд теңге: Петропавлда көлік өтпежолын салуға бөлінген бюджет қаржысы жымқырылған
- Қазақтың біртуар өршіл ақыны Мұхтар Шахановпен қоштасу рәсімі өтіп жатыр
- Астанада төрт тонна қауіпті сұйықтық құйылған 200 канистр табылды
- Ақсу қаласында зауытта жұмысшы қаза тапты
- Меркеде шенеуніктер жетім студенттердің ақысын жеген
- Қазақстан мен Моңғолия геологиялық барлау, мұнай өндіру салаларына заманауи технология енгізу туралы келісті
- Моңғолия президенті Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді
- Өскеменнің экс-әкімі Жақсылық Омар апелляциялық шағым түсірді
- Үкіметте тротуармен жүретін самокатшылардың мәселесін шешу тапсырылды
- Дубайда 22 жастағы қазақстандық не үшін өмірбақи сотталып, 300 млн айыппұл арқалады?
- Жапонияда жойқын жер сілкінісі: Цунами қаупі жарияланды
- Қырғызстан президенті Шахановтың қазасына көңіл айтты