Тастанды балалардың көбеюіне жыныстық сауаттылықтың төмен болуы себеп
Бүгінгі күні ерлер арасында жыныстық жолмен берілетін аурулар және белсіздік дерті көбейген. Бұған түрлі себептер болуы мүмкін. Қоғам талқылауға ұялатын тақырып болса да, ерлердің денсаулығы – елдің болашағы.

Instagram әлеуметтік желісінде блог жүргізіп, YouTube-та түрлі кеңес берумен айналысатын уролог-андролог Олжас Иманғалиұлы 2009 жылы Қазақ Ұлттық медициналық университетін бітірген.
Олжас Иманғалиұлы Orda.kz журналисіне ерлер арасында жиі туындайтын мәселелер мен олардың шешімі туралы айтып берді.

Жасөспірім баланың жыныстық сауаттылығын арттыру үшін ата-аналар не істеуі керек?
– Бала дүниеге келгеннен бастап оған көңіл бөлуі керек. Ер баланың жыныс мүшесінің дамып жатқанын сәби кезінен қадағалау керек. Бұл – ата-ананың міндеті, парызы. Арнайы маманға апарып тексерту арқылы крипторхизм сияқты аурулардың алдын алуға болады. Себебі, мұндай аурулар бедеулікке апаруы мүмкін. Ата-ананың ерте жасалған әрекеті баланы қауіптен сақтап қалады.
Тастанды балалардың көбеюіне жыныстық сауаттылықтың төмен болуы әсер ете ме?
– Әрине, егер ата-ананың жыныстық сауаттылығы төмен болса, тәрбиелеп отырған балаларына әсер етуі мүмкін. Ата-аналарының арасы дұрыс болмай, ажырасатын болса, бала соны қайталауы мүмкін. Ол балаға қалыпты жағдай болып көрінеді. Бала психикалық жарақат алады. Егер балалардың жасөспірім уақытында бағдар бермейтін болса, өскеннен кейін қателік жасау мүмкіндігі жоғары болады.
– Жыныстық сауаттың болмауынан қыз балалар аяғы ауыр болып, ата-анасына айтуға ұялады. Кейін баланы туып, тастап кетіп қалады. Жігіттердің құлағына алтын сырға – жауапкершілікті өзіне алмайтын болса, қыз балалардың көз жасына қалудың керегі жоқ. Жетімдер үйінің көбейіп, тастанды балалардың саны артуына жастардың сауатты болмауы себеп.
Қазақ жігіттерінің урологтан ұялып бармауына не себеп?
– Менің ойымша, намыс себеп болады. Бойында қандай ауру бар екенін біреуге жариялап айту намысына байланысты деп ойлаймын. Егер намыстанып жүре берер болсақ, ауру боламыз. Бірақ ол жігіттің үйленгеннен кейін денсаулығы дұрыс болмаса ұят болуы мүмкін. Менің практикамда мұндай жағдайлар кездесті. Сол себепті ауруды болдырмау мақсатында арнайы тексерулерден өту керек.
Қазіргі ер-азаматтарда ең көп кездесетін ауру қандай?
Ең көп кездесетін ауру простатит деп айтар едім. Өйткені, простата безінің қабынуы жасарып жатыр. Бұрын 30-40 жастағы жігіттерде кездесетін болса, қазір 20 жастан жоғары жігіттерде де қуық асты безінің қабынуы кездеседі. Бұған себеп – дұрыс тамақтанбау, әскердегі жағдайдың дұрыс болмауы, суық тигізу, өзін күтпеу, жыныстық жолмен келетін ауру жұқтыру. Екінші бір түрі - бедеулік, белсіздік.
Ерлердің тестостероны артып, мықты болуы үшін қандай тағамдар жеу керек?
– Еркекті еркек ететін тестостерон гармоны. Әрине, әрбір жігіт мықты болуы керек. Мықты болу үшін дұрыс тамақтанып, спортпен шұғылдану керек. Ағзадағы гармонның деңгейін жоғары ұстау қажет. Негізі жас жігіттердің бойында тестостерон гармоны жоғары болады. Жас ұлған сайын бұл гармон төмендей бастайды. Ерлерге айтар кеңесім, әрқашан тестостерон гармондарыңыз жоғары деңгейде болсын.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық