Тасмағамбетов Назарбаевтың «боғына» батты – Светқали Нұржан
Белгілі ақын Светқали Нұржан QasqaJol жобасына сұхбат беріп, көптеген мәселелер жөнінде ой толғады. Сұхбаттан Нұрсұлтан Назарбаев туралы, Қасым-Жомарт Тоқаев туралы, Иманғали Тасмағамбетов пен Әбіш Кекілбаев туралы бірқатар пікірлерді байқауға болады.
- 1996 жылы Шайыр деген жерде Әбіш Кекілбаев ағамыз бар, кездесу өтті. Нұржігіт Арықбаев деген ақсақал «Әбіш, шырағым, сен басқарып отырған Парламент ойлы, милы жұмыс жасап отыр еді. Не үшін таратты, не жазып қойдыңдар?» деп сұрады. Көзім тірі мен куәмін, басқа да куәлар бар. Сонда Әбіш ағамыз «Біздің елге биыл өте көп көлемде инвестиция құйылады. Соның кіріс-шығыс есебін Парламентке беруді сұрадық. Оны біз қарамасақ, өліп-талып жеткен Тәуелсіздігіміздің тамырына өзіміз құрт болып түсеміз. Жазығымыз – осы» деп жауап берді. Басынан демократиялық құндылықтар тілде ғана. Сол жылы бұның миллиард доллары бар екені анықталған. Үлкен айғай болды. Халықтың алдына өзін ақтату үшін Иманғали Тасмағамбетовты шығарды. Бұдан да басқа, мысалы, жер мәселесі сияқты шулы жерлерге Тасмағамбетовты лақтырып отыру әдеті еді. Тасмағамбетов оған адал болды. Сол адалдығынан мұның «боғына» батуына тура келді, - деді ақын.
Светқали Нұржан Иманғали Тасмағамбетовтың анасының қырқында Иманғали Нұрғалиұлынан саясаттан дер шағында неге кеткенін сұрағанын айтады. Сонда Тасмағамбетов «Екі билік отқанда үшінші болып несіне араласамын» деп жауап беріпті.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық