Тасқын кезінде жарылған су қоймасына жауапты 75 жастағы кәсіпкер сотталды
Фото: ҚР премьер-министрінің ресми ақпараттық ресурсы
Хромтау аудандық сотында Мағаджан су қоймасын сенімгерлік басқаруға алған кәсіпкерге сот үкімі шықты, деп хабарлайды Orda.kz.
Былтыр тасқын кезінде Мағаджан су қоймасы жарылып, адамдар эвакуацияланған. Сотталушы Мықтыбек Исмағамбетовке қылмыстық кодекстің 254 бабы бойынша айып тағылды.
Мәліметтерге сүйенсек, 1985 жылы Хромтау ауданы Табантал ауылынан 22 шақырым қашықтықта Мағаджан су қоймасы салынған. Хромтау аудандық қаржы бөлімі 2014 жылы су қоймасын «Тұлпар ТК» ЖШС-не сатып алу құқығынсын сенімгерлік басқаруға береді.
Келісімшарт бойынша серіктестік нысанды күтіп ұстап, жөндеп, уақытылы техникалық қызмет көрсетуі тиіс болған. Ал 2017 жылы Хромтау аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі мен ЖШС арасында балық шаруашылығын дамыту туралы келісімшарт жасалады. 2024 жылы наурызда Ақтөбеде қар тез еріп, өзендерде су деңгейі көтерілді. Сондай-ақ Хромтау ауданындағы Мағаджан су қоймасында да дәл осындай жағдай тіркелді.
«ЖШС балық шаруашылығымен айналысады. Директоры су қоймасындағы балық қорынан айырылғысы келмеді. Сондықтан суды уақылы жібермеді. Салдарынан 04.04.2024 жылы су қоймасы жарылып, үйлерді су басты. ТЖД ақпараты бойынша Алға ауданының Бесқоспа, Қызылту және Табантал ауылдарынан 215 адам, оның ішінде 96 бала эвакуацияланды» деп жазылған сот ісінде.
Сот отырысы кезінде сотталушы М. Исмағамбетов өзіне тағылған айыппен келіспеді. Ол 2014 жылдан бастап күні бүгінге дейін бизнес жоспар және келісімшарт бойынша міндеттерін орындағанын, қажетті техника сатып алып, жыл сайын шлюзді қоқыстан тазартқанын, техникалық қызмет көрсеткенін айтты.
Сотталушы өз сөзінде 2018 жылы облыстық табиғи ресурстар басқармасына күрделі жөндеу туралы хат жазып, бірақ жауап болмағанын жеткізді. Сонымен бірге платинаның меншік иесіне құжаттарды реттеуге қатысты өтініш айтқан.
Сот үкімімен Мықтыбек Исмағамбетов қылмыстық кодекстің 254 бабы бойынша айыпты деп танылып, 2 жыл 6 айға бас бостандығынан шектеу жазасын тағайындалды. Ол су шаруашылығы саласында 3 жыл жұмыс істей алмайды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық