Тарихшы Сұлтанхан Аққұлұлы Қазақстан жеріне қатысты мәлімдеме жасады
Скриншот
Белгілі тарихшы Сұлтанжан Аққұлұлы Qasqa Jol бағдарламасына берген сұхбатында Ресей президенті Путин тарихты бұрмалап, соғыс ашып отырғаны туралы айтты.
«Егер саясаттанбаған шынайы тарихқа сүйенсек, кешегі Кеңес одағы құрамындағы мемлекеттердің – бүгінгі Тәуелсіз мемлекеттердің жер дауы болса, онда Қазақстанның Ресейден жер даулауына толық тарихи да, саяси да негізі бар» дейді Сұлтанхан Аққұлұлы.
Тарихшы тіпті өз сөзін мысалмен дәлелдеді.
«1917 жылғы 12 желтоқсандағы екінші жалпы қазақ құрылтайында Қазақ хандығының үйіндісі үстінен, соның жер аумағында Алаш ұлттық автономиясы құрылсын деп қаулы қабылдағанда сондағы автономияның жер көлемі 3,4 млн шаршы шақырым болатын. 1920 жылдың тамызында Кеңес Одағы орнап, Алашорда мен Кеңес Одағы басшылары бірнеше ай бойы келіссөз жүргізгенде қазақ ата-бабадан қалған шамамен 0,7 млн шақырым жерінен айрылды.
Ол қандай жерлер десек, 1920 жылға дейін Ақмола облысының құрамына кірген Омбы облысы, Алтай өңіріне қарасты Барнаул, Бийскі және Змеиногорскі ояздары. Ал Орынбор қаласының өзі орыс казактарының жері екені рас. Бірақ айналасының бәрі қазақтың ежелден келе жатқан ата қонысы. 1924 жылы Орынбор облысын Қазақстаннан бөліп алған кезде үш жыл бойына біздің жеріміз бен Башқұрстан, Татарстанның шектесетін аумағын Кеңес Одағы бізден жалға алған» дейді тарихшы.
Қазақстан жері Өзбекстанға өтіп кетті
Аққұлұлы сондай-ақ Қазақстанның жері Өзбекстанға өткенін де айтты.
«Одан кейін Қазақ автономиясының құрамында болған Қарақалпақ автономиясы 1930 жылы Ресейдің құрамына кірді де, 1936 жылы Өзбекстанға берілді. Ал 60 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысының 4 ауданы беріліп, билік басына қайтып Димаш Қонаев келген соң, екі аудан қайтарылып алынды. Жалға берілді деп есептелген сол екеуі 92 жылы қайтарылуы керек еді» деді Сұлтанхан Аққұлұлы.
Ол жер үшін дауласуға тарихи факт бар екенін алға тартты.
«Бұл айтылғандардан шығатын қорытынды - 1994 жылғы Украина мен Қазақстанның егемендігіне кепілдік беретін Будапешт келісімі мен 1991 жылғы жер дауламау туралы Алматы декларациясын ысырып қойсақ, онда біздің дауласуға толық тарихи негізіміз бар. Бірақ бұл дауласайық деген сөз емес, тек тарихи факт. Алайда жоғарыда аталған келісімдерді Ресейдің өзі көрші елдерге соғыс ашып, бұзып жатқанын көріп отырмыз. Владимир Путин өз тарихын бұрмалап «Ресей Кеңес одағы құрамындағы елдерге жер сыйға тартты» дейді. Ресей ешкімге жерін сыйға тартқан жоқ. Керісінше, кезінде Беларусь басшысы Александр Лукашенконың айтқанындай Ресей шын тарихқа сүйенер болса, Батыс Сібір мен Қиыр Шығысты түгел Қазақстанға беріп қоюы керек еді. Бұл сөзді мен емес, славян ұлттарының бірінің басшысы Лукашенко айтқан» дейді тарихшы.
Жаңалықтар
- Тоқаев Құрылтайдың тұңғыш сессиясын өткізуге қол қойды
- Ат байлаған арқанға ілініп қаза тапқан қызға қатысты оқиғаның жай-жапсары белгілі болды
- Пашинян: «ҰҚШҰ бітімгерлері Арменияға кірмейді»
- Оралда «тентек кәде» сұраған «әртістің» тісі үгітіліп, қабырғасы сынды
- Жатақханаға 100 мың теңге өтемақы кімдерге беріледі?
- Алматы облысында екі баланың анасы көлік қағып қаза тапты
- Отандық баскетболға 100 жыл: Тоқаев FIBA президентін қабылдады
- Бірі қабірде, бірі мүгедек: Екі адамды қаққан 21 жастағы жүргізушіге апелляция сот шешімі қандай?
- Алматыдағы электр өшуіне Канье Уэсттің қатысы жоқ – Энергетика министрлігі
- Атырау МӨЗ-де өрт шықты
- Арменияда экс-президент Роберт Кочарян мен оның ұлы ұсталды
- ОСК қорытындысы: Ең көп мандатты «Әділет» партиясы иеленді
- Башар Асад режимінің бұрынғы мүфтиі өмір бойына бас бостандығынан айырылды
- Қазақстанда көмір тапшылығы болмауы үшін үкімет ЖИ-ге жүгінеді
- «Сұңқар» трамплиндері ісі: Алматы соты Ерлан Сариевті ақтады
- «Қалқаман» метро станциясы қашан ашылатыны белгілі болды
- Шымкентте спорт шеберін азаптап өлтірді деген алты адамның соты басталды
- Ұлттық экономика министрі 2029 жылға дейін болжам жасады
- Атырау облысында ер адам жүкті әйелін аяусыз соққыға жыққан
- ШҚО-да 13 жастағы қыз байлаулы аттың арқанына соғылып, қаза тапты