«Тарихи мұра»: ҚазҰУ археологтары ежелгі қоныстарды тапты
Фото: ҚР ғылым және жоғары білім министрлігі
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің археологтары Алматы облысынан сақ-үйсін дәуірінің қоныстарын тапты.
Бұл туралы ҚР ғылым және жоғары білім министрлігі хабарлады.
Зерттеу барысында сақ-үйсін дәуірінің ежелгі қоныстары, соның ішінде бірнеше тұрғын үй табылды. Жобаны PhD Ринат Жұматаев басқарды. Жобаға профессор, АҚШ-тан келген белгілі археолог Клаудия Чанг (Claudia Chang) қатысты. Оның жетекшілігімен Белбұлақ қонысы зерттелді. Бұл қоныс үйсін дәуіріне жатады.
Биылғы дала маусымында археологтар бірнеше тұрғын үйдің орнын тапты. Табылған заттардың ішінде қыш бұйымдарының сынықтары және түрлі жануарлардың сүйектері бар. Бұл осы жерлерді мекендеген ежелгі халықтардың мәдениеті мен тұрмысын зерттеуде жаңа мәліметтерді білуге көмектесетіні анық.
Еске сала кетейік, бұл ғылыми-зерттеу экспедициясы Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті ұсынған "Қазақстанның оңтүстік-шығыс және шығыс аймақтарының мәдени мұрасын археологиялық және тарихи-этнографиялық зерттеу" жобасы аясында жүзеге асырылып отыр.
Жаңалықтар
- Тоқаев Израиль президентін Тәуелсіздік күнімен құттықтады
- Астана қазақ-тәжік қарым-қатынасының қазіргі жай-күйі мен перспективасы талқыланды
- Көпжылдық сенім қылмысқа ұласты: Жетісу тұрғынының 46 млн теңгеге бағаланған малы ұрланды
- Маңғыстау даласын қоқыс жапты: Аймақ даулы бейнежазбадан кейін тазартылды
- Тоқаев Моңғолия президентін «Алтын Қыран» орденімен марапаттады
- БҚО-да тойға келгендер полиция бөлімінен бір-ақ шықты
- Алматыдағы Розыбакиев көшесіне Шаханов есімін беру ұсынылды
- 2027 жылы ҰБТ-ға балама тест болады
- Алматы жұртшылығы Шахановты ақтық сапарға шығарып салды
- Тоқаев: Моңғолиямен ортақ тарих біріктіретін біртұтас тамырланған көшпелі өркениет ұрпағымыз
- Қазақстандағы екінші АЭС Мойынқұм деп аталады
- АҚШ пен Иран арасындағы кезекті келіссөз қашан өтеді?
- Ерболат Досаев тағы бір қызметінен айырылды
- Мексикадағы пирамида маңында атыс болды: Екі адам қаза тапты
- Иран билігі АҚШ-пен келісімге келу үшін делегация жіберді
- Тим Кук Apple компаниясының бас директоры қызметінен кетеді
- Мұхтар Шаханов қайда жерленетіні белгілі болды
- Залал 2 млрд теңге: Петропавлда көлік өтпежолын салуға бөлінген бюджет қаржысы жымқырылған
- Қазақтың біртуар өршіл ақыны Мұхтар Шахановпен қоштасу рәсімі өтіп жатыр
- Астанада төрт тонна қауіпті сұйықтық құйылған 200 канистр табылды