Тараздықтар президентке заңсыздық туралы шағымдануда
Orda.kz редакциясына Жамбыл облысынан Досманбетовтер мен Ералиевтер отбасынан хат келіп түсті. Онда олар облыстық және қалалық прокурорлардың қабылдауына жазыла алмайтындарын, олар туыстарымен және адвокаттармен кездесуден қашатындарын жазады.
Хатта Ақбота Досманбетова мен Бота Ералиеваның жақын туыстары оларды ҚР Қылмыстық кодексiнің 19 бабы 4-бөлігінің 2-тармағы бойынша сотталып жатқанын айтады. Ал туыстарының айтуынша, олар да зардап шеккен тарап екен.
Бұл іске олардан бөлек тағы екі әйел айыпталып отыр. Жәбірленушілер оларды «қомақты өтемақы үшін алтын бұйымдарды қауіпсіз сақтау» туралы жалған ақпарат берді деп айыптауда. Туыстарының айтуынша, айыпталушы Ынтықбаева оларды жай ғана ломбардқа өткізіп, жәбірленушілерге осы ақшадан сыйақы беріп отырған. Белгіленген мерзімнен кейін ол алтын бұйымдарды иелеріне қайтарып, осылайша олардың сеніміне кірген.
Осылай «ақша тапқан» әрбірі өзінің туыстары, әріптестері мен достары арасында ақпарат таратқан. Олар алтын бұйымдарды жинап, «бонус» төлеуге уәде беріп, Ынтықбаеваға одан да көп мөлшерде алтын бұйымдар жинап берген.
«Алайда, тергеу де, қадағалаушы прокурорлар да Досманбетова мен Ералиеваның кінәсіздігін дәлелдейтін айғақты бағаламай, оларды заттай дәлел ретінде тану және іске қосумен шектелді! Мүдделері үшін лобби жасалып, бұндай дәлелдер ескерлімесе, айғақ іздеп не керегі бар! Қылмыстық сот ісін жүргізудің қағидаларын осылай бұза отырып, прокуратура Ынтықбаеваға тергеуші арқылы жанашырлық көрсетіп, оның расталмаған сөздерін қолдап отыр деп санаймыз, өйткені кейбір мәліметтер бойынша ол Ж. Сматовтың (сол кездегі Тараз қаласының прокуроры) туысы. Кінәсіздігі толық дәлелденген Досманбетова мен Ералиеваның жағдайын басқаша қалай бағалауға болады? Олардың әрекеттері іс бойынша барлық жәбірленушілердің әрекеттеріне ұқсас, дегенмен олар айыпталушы болып шықты! — деп жазады Досманбетова мен Ералиеваның туыстары.
Досманбетова мен Ералиеваның туыстары президентке жолдаған үндеуінде қала және облыс прокурорларынан бірнеше рет кіріп, Бас прокуратураға хабарласқанымен, бәрі нәтижесіз болғанын айтады.
Олар адамды тергеу изоляторына отырғызғаннан кейін оның кінәсіздігі туралы дәлелдер тыңдалмай, қабылданбай жатқанын айтып, бұл тәжірибе облыста бұрыннан қалыптасқан және табанды түрде сақталып келеді деп есептейді.
Себебі бұл қамауға алу заңсыз деп танылса, бұлтартпау шарасын қолданған заң орындаушылары тәртіптік жазаға тартылуы тиіс. Шағымданушылар тергеушілер мен прокурорлар тәртіптік жазадан құтылу үшін ғана адам тағдырын құрбан етуге дайын, деп есептейді.
Біздің редакция жоғарыда аталған әйелдер ісін әрі қарай да бақылауда ұстайтын болады.
Исламбек Дастан, Тараз қаласы.
Жаңалықтар
- «Қайрат» «Ордабасыны» жеңді: Ойын соңы жанжалға ұласты
- Windows-тың пираттық нұсқаларын қолдану қиындайды: Microsoft жаңа қорғаныс жүйесін енгізеді
- «Алтын доп» жүлдесінің басты фавориті анықталды
- Берлинде көлік шеруге шыққандарды қағып кетті: бір адам қаза тауып, тағы 16 адам жараланды
- Футбол чемпионаты Құрылтай сайлауына байланысты кейін шегеріледі
- «Бурабайда» екі өрт тұтанып, сөндіруге тікұшақ шықты
- Трамп Иранға жасалатын соққыны тоқтатуға бұйрық берді
- Алматыда полиция электросамокат иелеріне үндеу жасады
- АҚШ Иран уранын қолға түсіру үшін күрделі операция дайындап жатыр – БАҚ
- Тоқаев соғысты «мұздатуды» ұсынды: Президенттің Омбыдағы мәлімдемесі нені аңғартады?
- Алматыда есірткі жарнамасы бар QR-код жапсырып жүрген адам ұсталды
- Құрылтай: Сайлауалды науқан басталды, партиялар өңірлерге шықты
- Қазақстанның киелі нысандары ЮНЕСКО тізіміне енгізілді
- Әділет министрлігі NCOC-тан мәжбүрлеп өндіру шараларын бастады
- Астанадағы нөсерден кейін көшеден 100-ден аса көлік нөмірі табылды
- АҚШ пен Сауд Арабиясы арасындағы ядролық келісім неге дауға айналды?
- АҚШ пен Ұлыбритания Ормуз бұғазындағы кеме қатынасын қорғау мақсатында халықаралық коалиция құрмақшы
- Өз стадионын Канье Уэстке қалдырып, «Қайрат» Түркістанда ойын көрсетеді
- Өз қарызын жабам деп басқаны қарызға батырған әйел сотталды
- Тамыз айында Қазақстанның бірқатар өңірінде қуаңшылық болады