Тараздағы қан құрамын анықтайтын қоспалардың мерзімі өтіп кеткен
Фото: freepik.com
Антикор мамандары Таразда ЖИТС орталығындағы медициналық талдағыштардың мерзімі өтіп кеткенін анықтады, деп хабарлайды Orda.kz.
Алдын ала мәлімет бойынша, қан құрамын анықтайтын қоспалар 2 жыл бұрын ескіріп кеткен. Алайда олар қолданыстағы препараттармен бірге қойма сөрелерінде сақталып келген. Аса қауіпті дертті анықтауға арналған реагенттердің жалпы саны 380 дана болды. Оларды мекеме басшылығы кезінде 68 млн теңгеге сатып алған. Бұдан бөлек бір ай бұрын мерзімі өткен 7 млн теңгенің қоспалары да табылды. Ал талап бойынша медициналық тауарлар компанияға кері қайтарылуы тиіс. Осыған қатысты өз міндетін орындамаған орталық қызметкері жұмыстан уақытша шеттетілді. Қазір сот ісі жүріп жатыр.
«Бізде мерзімі өтіп кеткен реагенттер, жиынтықтар ешқашан қолданылмайды. Өйткені оларды дәрігерлер мен лаборанттар алдын-ала тексереді. Мерзімі өтіп кетсе - пробирканың сыртында да жазулы тұрады. Егер мерзімі өткен болса тест нәтижесі дұрыс болмайды», - дейді Жамбыл облыстық иммунды жұқтыру орталығының комплаенс-офицері Мұрат Қадырбеков.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық