Таразда жол-көлік оқиғасы кезінде зардап шеккен адам қамауға алынды
Тараз қаласындағы жол-көлік оқиғасы кезінде зардап шеккен Әлібек Құдайбергеновтің туыстары оның қамауда отырғанына наразы.
Тараз қаласының Айша бибі көшесінде 2022 жылы 15 маусымында 07.35 шамасында LADA-Ларгус пен AUDI С4 арасындағы болған жол-көлік оқиғасынан бір адам қайтыс болып, үш адам түрлі деңгейдегі жарақат алды.
Оқиға бойынша қыркүйек айының 20-сы күні AUDI С4 автокөлігін жүргізген Әлібек Құдайбергенов қамауға алынған. Соттың шешімімен келіспеген, сол оқиғада көлік ішінде болған бауыры Қазыбек Құдайбергенов әділетсіз тергеуден бауырын босатуды сұрайды.
Қазыбек Құдайбергеновтің айтуынша, жүргізілген тергеу барысында Әлібек Құдайбергеновтің кінәсі дәлелденбеген. Осы қылмыстық іс бойынша екі сот сараптамалары 29.06.2022 жылғы №4619 сот фототехникалық, 12.08.2022 жылғы №1750 сот автотехникалық сараптамаларының қорытындысына сәйкес, жол көлік оқиғасында LADA-Ларгус маркалы автокөліктің жүргізушісі кінәлі екендігі толық дәлелденіп тұр.
Аталған сараптамалардың қорытындысына сәйкес, LADA-Ларгус маркалы автокөлік бағдаршамның қызыл жарығы жанған кезде жол қиылысының жүру бөлігінде болған. Сонымен қатар оның жылдамдығы 93,8 шқ/с болған (сағатына 60 шқ/с рұқсат етілген жерде). Мемлекеттік тіркеме нөмірі 768 ААО 08 LADA-RS0Y5L маркалы автокөлігі сағатына 60 шқ жылдамдықпен жүрген кезде шұғыл тежеу арқылы AUDI С4 автокөлігімен соқтығысудың алдын алуға техникалық мүмкіндігі болды. LADA-Ларгус маркалы автокөлік жүргізушісі өз іс-әрекетімен ҚР Жол көлік қозғалысы ережелерінің 5-бөлігінің 4,5 тармақтарын және 10-бөлігінің 1,2 тармақтарын бұзған.
Бұл қылмыстық іспен Әлібек Құдайбергенов жәбірленуші болып танылуы қажет еді. Себебі ол 19.07.2022 жылғы №1633 сот медициналық сараптаманың қорытындысына сәйкес, ауырлығы орташа дәрежелі дене жарақатын алған. Тергеу бұлтарпау шарасын қолдану қаулысында Ә.А.Құдайбергенов бостандықта жүрсе, қылмыстық істің шынайы тергелуіне кедергі келтіруі мүмкін деп тұжырымдаған.
Тергеу судьясының тұжырымдары негізсіз, өйткені оқиға кезінде қайтыс болған М.Қоскұлақовтың заңды өкілдері әкесі Р.Д.Қоскұлақов пен анасы З.Б.Алабаева, сонымен қатар жұбайы Ж.Жалғасбаева тергеу барасында Ә.А.Құдайбергеновке арыз-шағымдары жоқ екендігі туралы өтініш білдірген. Журналистерге хабарласқан Қазыбек Құдайбергенов бауыры қамаққа отырып, жол-көлік оқиғасына кінәлілер құтылып кетеді деп қорқады.
Исламбек Дастан. Тараз қаласы
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық