Тараздағы жарылыстан мерт болғандардың саны 9-ға жетті
Фото: Orda.kz
Тараз маңындағы әскери қоймада болған жарылыстан тоғыз адам қаза тапты.
Бұл туралы Orda.kz Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап хабарлады.
– Жамбыл облысы Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлімде болған жарылыс салдарынан соңғы мәліметтер бойынша 9 адам қаза болды. Оның ішінде Төтенше жағдайлар министрлігі, әскери бөлім, әскерилендірілген күзет пен әскери прокурорлар бар. Қаза болғандардың аты-жөні анықталып жатыр. Жоғалған 4 адам туралы деректер тексерілуде, - деді Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли.
Алдын ала мәлімет бойынша, ауруханаға Төтенше жағдайлар министрлігінің 49 қызметкері түскен.
Оқиға орнында министр бастаған Төтенше жағдайлар министрлігінің жедел тобы жұмыс істеуде.
Тағы бірнеше адам жоғалып кеткен. Іздеу жұмыстары жүргізілуде.
Еске салсақ, Жамбыл облысы Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлімде 26 тамыз шамамен 19:00 -де қоймалардың бірінің жанында өрт шыққан. Өрт нәтижесінде инженерлік оқ-дәрі бірнеше жарылған. Барлығы 10-ға жуық жарылыс болды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық