Тараздағы жарылыста оқиға орнынан хабар таратқан Orda.kz журналисі полицияға шақырылды
Жамбыл облысында болған жарылыстан кейін «жалған ақпарат таратты» деген айыппен екі журналист полицияға шақырылды.
Бұл туралы Orda.kz хабарлады.
Orda.kz-тің Тараздағы меншікті тілшісі және Turaninfo.kz-тің штаттан тыс тілшісі Исламбек Дастан куәгер ретінде, 7-арнаның тілшісі Данияр Әлімқұлды - қорғаушы құқығымен куә ретінде полицияға шақыртты.
Арызды күзет қызметкерлеріне облыс әкімдігінің ішкі саясат басқармасы жазған.
- Мен өз кінәмді мойындамаймын, себебі мен кінәлі емеспін. Менің куәгер ретінде тартылуым дұрыс емес деп ойлаймын. Айтқан әрбір сөзім үшін заң алдында толық жауап беруге дайынмын. Тергеуге толықтай көмектесемін, телефонымды өз еркіммен бердім, ондағы барлық бейнелерді көрсетіп, тіпті дискіге жазып бердім. Менің ойымша, бәрін ашық және әділ жүргізу керек, - деп түсіндірді Исламбек Дастан.
Оның айтуынша, іс ҚР Қылмыстық кодексінің 274-бабы 2,3-тармақшасы бойынша қозғалған. Бұл баптың санкциясы 1000 АЕК көлемінде айыппұлдан үш жылға дейін бас бостандығынан айыруды қарастырады.
Өз кезегінде журналист Жасұлан Әбдіхалық өзінің Facebook-те полицияға шақыртудың ықтимал себебі «Тараздағы депутат ауласындағы мейрамхананың жанындағы снарядтары бар қойма» туралы ақпарат екенін жазды.
– Біреудің қорасында айнала мен бала-шағаға қауіп төндіріп жатқан пәленбай тонна металломды эфирге шығардың, сол арқылы қоғамдық тәртіпті бұзып жалған ақпар тараттың, жұртты дүрліктірдің деп айыптаса, қолындағы соткасын тәркілеп алса, біздің құзырлы органдар біткен екен. Шырақтарым ау, қайта дер кезінде дабыл қағып елді сақтандырып, құзырлы органдарды құлақтандырып, ақпарат таратқаны үшін сотка сыйлайтын жөндерің ғой, - деп жазды Әбдіхалық.
Екі журналист те тергеу мәліметтерін жарияламау туралы қолхат жазғандарын айтты.
Orda.kz ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаевадан тараздық журналистерді қорғай ма, жоқ па деп сұрады.
- Шақырудың дұрыстығы туралы тек іспен танысқаннан кейін айтуға болады, олар қандай жағдайда шақырылды: куә ме, айыпталушы ма? Егер айыпталушы ретінде болса, анықтайық, ақпарат сұрайық. Заң бар. Ешкімнің кінәсіз адамды айыптауға құқығы жоқ. Егер журналистердің құқықтары бұзылғандығы анықталса, мен олардың жеке басын қорғауға дайынмын. Барлығы істің мән-жайына байланысты, - деді Балаева.
Министр «медиафорумнан шыққан соң» Тараздан ақпаратты сұратуға уәде берді.
Журналист Ерқанат Көпжасар өзінің Instagram әлеуметтік желісінде журналистерді қолдап, жазба жариялады. Онда ол 15 қыркүйек 15:00-де облыстық прокуратура ғимаратының алдында жиналуға шақырған.
Белгілі болғандай, ғимарат алдына бірнеше жергілікті тілші келген. Оларға «видео сараптама жіберілді, соның нәтижесі бойынша шешім шығарамыз» деп хабарлаған.
Еске салсақ, 26 тамызда Жамбыл облысы, Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлімдегі қоймалардың бірінің жанында өрт шықты. Өрт салдарынан белгісіз заттардың жарылуы болды. Жарылыстан кейін 93 адам ауруханаға жатқызылды. 16 қыркүйекке дейін 17 өліп, бір хабарсыз кеткені белгілі болды. Жүзге жуық адам жарақат алды. Облыс әкімдігінің мәліметінше, 106 тұрғын үй, 12 коммерциялық нысан мен үш мектеп зақымданған. Әкімдік екі айдың ішінде үйлерді қалпына келтіруге уәде берді.
Жаңалықтар
- Президент Қостанай облысының құрылғанына 90 жыл толуымен тұрғындарды құттықтады
- Энергетика министрлігі: КҚК мен жүк жөнелтушілер арасында тұрақты байланыс орнатылды
- Қостанай облысында жол апатынан екі адам қаза тауып, төрт жолаушы түрлі жарақатпен ауруханаға түсті
- Жамбыл облысында пара алды деген күдікпен полиция бөлімі бастығының орынбасары ұсталды
- ЖИ бақылаудан шығып, компанияларға шабуыл жасап жатыр
- Бір тәулікте Сеутаға 50 мың мигрант қашып келіп, 57 адам қаза тапты
- Тамыз айында еліміздің ауа райы қандай болады?
- Есіл өзенінде 20 жастағы жігіт қаза тапты: Денесі әлі іздестіріліп жатыр
- Future Games: Қазақстан намысын жалғыз команда қорғайтын болды
- УЕФА мен оған мүше 55 ел ФИФА жарыстары мен Әлем чемпионатына бойкот жариялады
- Зорланғанын айтқан қыздың арызын елемеген полицейлерге сот үкімі шықты
- Bazis-A негізін қалаған Александр Беловичтің ісі бойынша Татьяна Белова түрмеге тоғытылды
- Тоқаев бірқатар судьяларды орнынан босатты
- Тоқаев Ыстықкөлдегі Орталық Азия елдері мен Әзербайжан жетекшілерінің бейресми кездесуіне қатысады
- АҚШ-та Трамптың портреті бейнеленген паспорттар беріле бастады
- Испания шекарасын бұзған мыңдаған мигрант Еуропаны дүрліктірді
- Трамп ХАМАС-тың толық қарусыздану жөніндегі «тарихи» келісім жасалғанын мәлімдеді
- Елімізде 450 мың оқушыға 23 миллиард теңге қаржылай көмек қарастырылған
- Қытайдың «мұнай жұмбағы»: Тағы да жұмсақ күш танытпақшы ма?
- Армения үкіметі отставкаға кетеді, билік қайтадан Пашинянның қолында қала ма?