Тараздағы жарылыс: ТЖ қызметкері ота жасатуға Түркияға кетті
фото: Orda.kz
Жамбыл облысы Байзақ оқиғасында жарақат алған төтенше жағдайлар қызметкерлерінің бірі ота жасатуға Түркияға кетті.
Жамбыл облысы Азаматтық қорғау майоры, ТЖД Кадр саясат басқармасының басшысы Алмаз Жұматаев Байзақ жарылысы кезінде жарақат алған қызметкерлердің жағдайы туралы айтып берді.
– Байзақ ауданында 26 тамызда болған өрт пен жарылыс оқиғасынан кейін 48 қызметкер әртүрлі жарақат алды. 10 адам қаза тапты. Сол 48 қызметкердің 8-і жұмысқа кірісті. Олар 1 жыл сайын еңбек демалысына шығып тұрады.
Қазіргі уақытта қызметкерлердің біреуі өз еркімен Қырғызстан елінде жарақатына байланысты ем алып жатыр. Бізде оған қажетті ота жасайтын білікті маман табылмады. Сондықтан, Тұрсынов Алмас көзінің жарақатына байланысты Түркия еліне бара жатыр, – деді басқарма басшысы.
Қырғызстан мен Түркияға кеткен қызметкерлер қор қаражатына емделуде.
– Бізде қайтыс болғандар мен жарақат алғандарға арналған қор бар. Қайтыс болғандардың отбасыларына 5 миллионнан аудардық. Бұл қорға тек Төтеншеліктер емес басқа да мекемелердің ішкі істер қызметкерлері, Ұлттық ұланның әскери бөлімдері көмегін көрсетті. Қанша қаражат жиналды соның барлығын қорға жіберілді. Ол қорды министрдің өзі бақылап отырады.
Біразына еңбекке уақытша жарамсыздық парақтары берілген, олар Ішкі істер министірлігінің Жамбыл облысы бойынша полиция департаментінің госпиталында емделді. Әр қызметкерге жарақатына байланысты дәреже берілген. Мысалы Тұрсыновқа 5 миллион берілді, – деді Алмаз Жұматаев.
Күрделі жарақат алғандарға 900 мың теңгеден берілді. Орташа жарақат алғандарға 600 мың теңгеден, жеңіл жарақат алғандарға 300 мың теңгеден берілді. Жалпы 92400000 теңге үлестіріліп берілді.
Исламбек Дастан
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық