Тараздағы жарылыс: министрлік қате ақпарат берген
Министр Юрий Ильин Қорғаныс министрлігі жарылыс болу мүмкіндігінің жоқтығы туралы құтқарушыларға қате ақпарат бергенін айтты.
Бөлімше басшылығы өрт сөндірушілер мен құтқарушыларға тротилден басқа жарылғыш заттар туралы хабарламаған. Бұл туралы министр Юрий Ильин Жамбыл облысы Байзақ ауданында тамыз айының соңында болған қайғылы оқиғаға қатысты айтты.
Оның айтуынша, қаза тапқан 17 адамның 10-ы Төтенше жағдайлар министрлігінің жеке құрамы. Іздеу жұмыстары әлі жалғасып жатқан бір адам – Қорғаныс министрлігінің қызметкері.
Төтенше жағдайларды жоюға шығатын өрт сөндірушілердің міндеті өртті жою және оның таралуына жол бермеу екенін баса айтты.
«Өрт сөндіру пунктіне шықпас бұрын, ең алдымен, барлау жұмыстары жүргізіліп, нысан басшылығына жарылыс қаупі бар-жоғы сұралады. Бұл нысанда, оның ішінде мекеме басшылығы мен Қорғаныс министрлігі жоғары температурада жай ғана жанып кететін және жарылаты тротилді сақтаумен қатар, ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ деп айтқан» деді Төтенше жағдайлар министрі Мәжілістегі үкімет сағатында.
Сондай-ақ қазір Ішкі істер министрлігі тергеуді жалғастырып, Төтенше жағдайлар министрлігі қызметкерлері жарылыстың себептері мен салдарын анықтауға көмектесіп жатқаны атап өтілді.
Еске салсақ, 26 тамызда Жамбыл облысы Байзақ ауданы Қайнар ауылында Қорғаныс министрлігі әскери бөлім аумағында оқ-дәрі қоймасынан өрт шыққан болатын. Салдарынан 17 адам қаза болды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық