Тараздағы мектеп асханалары жұмысына депутаттардың көңілі толмайды
Тараз қаласы мектептеріндегі асханаларды кімдер жалға алып, қызмет көрсетіп жүр? Мемлекеттен бөлінген қаражат қалай жұмсалуда? Жергілікті тілшіміз осы істі зерттеп көрді.
Монополия болып кеткен бе?
Тараз қаласындағы мектептерді ыстық тамақпен қамтамасыз етуге үш компания қызмет көрсетіп жүрген. Олар: «Комбинат школьно-студенческого питания» ЖШС, «АЛЛАНА және Д» ЖШС, «Дәмді тамақтар» ЖШС. Қаладағы 60 мектеп осы үшеуіне тиесілі. Тараз қаласында бір балаға тамақ құны 450 теңге болып бекітілген. Есептейтін болсақ, бір жылда 170 оқу күні деп санап, 19 237 балаға жергілікті бюджеттен тегін ыстық тамаққа 1,3 млрд теңге бөлінеді. Оның қаншасы кімге тиесілі екенін мемлекеттік сатып алу порталынан таба алмадық.
Осы жылы Тараз қаласындағы орта мектептер мен гимназиялардың аз қамтылған отбасылардан шыққан мұқтаж оқушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз етуге конкурс жарияланып, комиссия шешімі шықты.
Комиссия шешімі бойынша 49 мектептің 22 мектебі «Дәмді тамақтар» ЖШС, 10 мектебі «АЛЛАНА және Д» ЖШС, 6 мектебі «А.Т.Тоқсейітов» жеке кәсіпкерлігіне берілген. 8 мектепте конкурс өтпей қалып, қалған үш мектепті екі компания жеңіп алған. Барлық бөлінген қаражат 355 млн теңге. Дегенмен қазіргі уақытта мемлекеттік сатып алу порталында комиссия шешімімен келіспегендер шағым білдіріп, сол себепті конкурс уақытша тоқтатылған.
Қоғамдық кеңес нені анықтады?
Тараз қалалық Қоғамдық кеңесі тарапынан жүргізілген мониторингтік зерделеу жұмыстарынның нәтижесі бойынша бір балаға берілетін 450 теңгелік астың құнарлығы аз болатыны, бағасын көтеру туралы ұсыныс болды.
Жамбыл облыстық Қоғамдық кеңес мүшесі, Жамбыл облыстық мәслихат депутаты, кәсіпкер Сауле Рысбаева қаладағы мектеп асханасын көріп, ашуға булықты. Себебі ол кісінің айтуынша, дәл осылай жұмыс істеу балаларға жасалып жатқан қылмыс болып саналады. Депутат өзі көрген келеңсіздіктермен бөлісті: тауық еті лас ваннада, шәй қайнататын ыдыс ешқашан жуылмаған, тоңазқышта дайын өнімдер мен шикізаттар бірге тұрған.

Тараз қалалық ата-аналар кеңесінің төрайымы Ғалия Орынбайқызының айтуынша, мектептегі балаларға берілетін астың бағасын 450 теңгеден 750 теңгеге көтерген дұрыс. Бірақ, мұның екінші жағы бар. Асханадан тегін тамақтанатындардан бөлек ақылы түрде ас ішетіндер де бар емес?! Сол үшін де ата-анаға әр баласына күніне тамаққа 750 теңге беру ауыр тиетін болады.
Ал, көпбалалы ана Хамида Сауранбекқызы «мектептегі тегін ас берілетін нормадан аз, антисанитария, тамақтың ішінде шаш жүреді» деп ұлым айтады. «Шынымен де астың дәмі жоқ, сылдыр су» деген ойымен бөлісті.
Жергілікті бюджет қарастыратын балаларды тамақтандыру жүйесі «олигополияға» айналып кеткені туралы бәрі айтады. Бір адам күніне жиырмадан астам мектепті бақылай алмайды. Сол үшін де балалар мен ата-аналар жағынан наразылықтар жиі орын алып тұратындығы заңдылық. Сапасыз қызмет көрсетушілерді тек қоғамдық бақылау арқылы ғана жөнге келтіруге болатын шығар.
Исламбек Дастан, Тараз қаласы
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық