Тараздағы коменданттық сағат қалай жүргізіледі?
Тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында президенттің тапсырмасы бойынша Қазақстанның барлық өңірінде төтенше жағдай жарияланып, коменданттық сағат енгізілген еді.
Қауіптің сейілуіне байланысты бірқатар өңірлерде төтенше жағдай режимі алынып тасталды. Коменданттық сағат бұл – ешкім үйінен шығып, жолдарда жүруіне болмайы дегенді білдіреді. Бұл уақытта қала қарулы күштер, әскер, күш құрылымдары билігіне беріледі.
Orda.kz журналисі Исламбек Дастан Тараз қаласындағы 23:00-ден 07:00-ге дейін созылатын коменданттық сағат кезінде полиция қызметкерлерінің қалай әрекет ететінімен танысты.
– Полиция қызметінде жүргеніме 10 жылдай болды. Бұл мамандық кішкентай кездегі арманым болатын, үйдегі әкем, ағам полиция қызметкерлері болды. тәртіпсіздіктер кезінде облыс әкімдігінің жанында қызмет еттік. Жолдастарым жарақат алды. Жаппай тәртіпсіздіктер кезінде түрлі жағдайлар болды, - деді полиция қызметкері Серікжан Жаласов.
Коменданттық сағат кезінде ел тыныштығын күзететін полиция қызметкері тыйым салынған уақытта жүретін адамдар туралы айтып берді.
– Түнгі рейдте жүргенімізге бес күннен асты. Біздің экипаж 28-30 адамға әкімшілік хаттама толтырдық. Олардың ішінде коменданттық сағат туралы білмей қалдық дегендер де кездеседі. Дүкенге бардық, қонақтан келе жатырмыз дейді. Бірақ бұл ақталу емес, - деді Жаласов.
Автор: Исламбек Дастан
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық