Таразда университет жұмысшылары бас көтерді
Бүгін ондаған М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің жұмысшылары жалақыны көтеру мәселесімен жиналып, жауап беруге ректорды шақырды. Алғашында ректордың кеңесшісі келіп жалақы қайта саналып жатыр деді.
Бірақ жиналған жұмысшылардың қайтпай тұрғанын көрген ректор, жергілікті атқарушы билік, прокуратура қызметкерлерін шақырған болатын.
Мемлекеттік оқу орнының техникалық қызметкерлері уәждерін, яғни ректорға кіре алмайтындарын, оған «қолдары жетпейтінін» айтады.
Еден жуушы, ұста, қойма қызметкерлері сынды ең аз айлық алатын азаматтар үшін бұл «жаңалық» төбелерінен жай түскендей әсер еткен. Өйткені, олардың айлық жалақылары әрқалай: 20, 40, 50 пайызға дейін қысқарып кеткен. Мысалы, осы уақытқа дейін 140 мың айлық алатын қызметкерге небәрі 70 мың жалақы түскен. Онсыз да аз айлыққа жұмыс істеп жүрген азаматтар бұл өздерінің құқықтарының өрескел бұзылғандығы деп біледі.
Айта кетейік, бірер күн бұрын ғана осы университеттің оқытушысы студенттерден пара алып жатқан жерінен ұсталған болатын.
Авторы: Исламбек Дастан
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық