Таразда сыныптасының соққысынан 9-сынып оқушысы көз жұмды
Фото: Pixabay
Тараз қаласындағы мектептердің бірінде 9-сынып оқушысы сыныптасының соққысынан кейін көз жұмды, деп хабарлайды Orda.kz.
Жанжал мектептің дәретханасында болған, сөзге келіспеген балалар жұдырықтасқан. Нәтижесінде, соққы алған жасөспірім санаулы минуттарда қайтыс болған.
Оқиғаны Жамбыл облыстық полиция департаменті растады.
«Аталған факті бойынша ҚР ҚК 106-бабы 3-бөлігімен (қасақана ауыр зиян келтіру, адам өліміне әкеліп соққан) сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті жасөспірім уақытша ұстау изоляторына қамалды», деп хабарлады ведомство.
Orda.kz мәліметінше, бұл істі облыс әкімі Ербол Қарашөкеев жеке бақылауына алған. Қайғылы жағдай болған мектептің әкімшілігіне қатысты шара қолданылуы мүмкін.
Еске сала кетейік, 21 жастағы Тараз тұрғыны шешесін зорлады деген күдікке ілініп, қамауға алынған.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық