Таразда сот топтасып қыз зорлаған жасөспірімдердің жазасын ауырлатты
Фото: freepik.com
Таразда апелляциялық сот 12 жастағы қызды зорлаған үш жасөспірімнің жазасын ауырлатты, деп хабарлайды Orda.kz тілшісі.
Биыл маусым айында кәмелетке толмағандарға қатысты үкім шыққан болатын. Олар Қылмыстық кодекстің 120 және 121-баптары бойынша кінәлі деп танылып, әрқайсысы жеті жыл сегіз айға бас бостандығынан айырылған.
Жуырда апелляциялық алқа үкімді қайта қарап, жазаларын тағы екі жыл төрт айға ұлғайтты. Олар 18 жасқа толғанға дейін жазасын кәмелетке толмағандарға арналған колонияда өтейді.
Зұлымдық жасап, бейнежазбаға түсірген
Бір жыл бұрын жәбірленушінің анасы Orda.kz редакциясына хабарласып, болған оқиғаның ауыр да жан түршігерлік жайларын баяндап берген. Айтуынша, көрші тұрған жасөспірімдер қызын бірнеше мәрте зорлап, мұның бәрін телефонға түсірген. Соған қарамастан, полицияға арызданғаннан кейін де күдіктілер біраз уақыт бойы бостандықта жүрген.
Оқиға жария болғаннан кейін ғана іс алға жылжыды.
«Сіздерге айтар алғысым шексіз. Егер сіздер араласпағанда, әділдікке қол жеткізе алмас едім. Көрсеткен қолдауларыңыз бен жанымда болғандарыңыз үшін рахмет»,
— деді үкім жарияланғаннан кейін жәбірленуші қыздың анасы Orda.kz журналистеріне.
Қылмыс жасалған кезде күдіктілердің жасы 14 пен 16 арасында болған. Сот процесі жеті айға созылды
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық