Таразда шенеунік қамқорлығы үшін ақша талап еткен
Бірер апта бұрын Әдеп жөніндегі кеңес аяныш білдіріп, қатаң жаза бермеген, қала әкімдігі құрылыс бөлімінің басшысы Антикордың қолына түсті.
Сәуір айының соңында Orda.kz сайты тараздық шенеуніктерді, оларға берілген түсініксіз жазалар туралы жазған болатын. Құрылыс жұмыстарын мемлекеттік сатып алу саласында бірдей бұзушылық жасаған екі мемлекеттік қызметкер әртүрлі жазаға тартылған болатын. Біреуі жұмыстан босатылса, екіншісіне сәйкессіздік туралы ескерту берілді. Материалдан кейін Әдеп жөніндегі кеңес түсініктеме берді. Жұмыстан босатылған азамат бұған дейін де бірнеше ескерту алған болып шықты. Бірақ оны аяған адам пара алды деген күдікпен айыпталушыға айналып шыға келді.
Кеңестің хабарлауынша, Қордай ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы бөлімінің басшысы Елдос Меңдекеев бұған дейін де бірнеше жазаға тартылғандықтан, оған «мемлекеттік қызметтен шеттету» жазасы берілген. Соңғы екі жылда ол екі рет тәртіптік жаза алып отыр. Оның үстіне бәрі сызба түрінде ғана орындалған жұмыс актілеріне ешбір ескертусіз қол қойып, жұмысын аяқтамаған ЖШС ақшаны алған.
«Осыған байланысты кеңес мүшелері Е.Меңдекеевтің соңғы жылдары осы санаттағы тәртіптік теріс қылықтарды бірнеше рет жасағанын ескере отырып, «мемлекеттік қызметтен шығару» түріндегі тәртіптік жаза қолдану туралы шешім қабылдады», - деп түсіндірді кеңес.
Ал, бірден үш ЖШС-ң жұмысы біткені туралы актіге қол қойған екінші шенеунік тек ескерту алған. Ал бұл, Кеңестің пайымдауынша, сол кезде дұрыс болған.
«Тараз қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімімен көпқабатты тұрғын үйлердің құрылысына үш келісімшарт жасалды. Бабақұлов аталған шарттар бойынша мердігерлер ұсынған орындалған жұмыс актілері негізінде олардың шоттарына тиісті қаражатты аудару туралы шешім қабылдаған. Бабақұловтың айтуынша, құрылыс нысандарындағы ішкі әрлеу жұмыстарының басым бөлігі аяқталып, ағымдағы жылдың сәуір айының соңына дейін жұмысты бітіру жоспарланған. Жоғарыда аталған мән-жайларды, сондай-ақ Бабақұловтың басқарма басшысы қызметіне кіріскеніне 7 ай өткенін ескере отырып, кеңес мүшелері оған тәртіптік жаза қолдану туралы шешім қабылдады», - деп түсіндірді Кеңес мүшелері.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметінің Жамбыл облысы бойынша басқармасының 2023 жылғы 3 мамырдағы қаулысымен Тараз қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімінің басшысы Ержан Бабақұловқа қатысты Қылмыстық кодекстің 1-бөлігінің 366-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Авторы: Исламбек Дастан
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық