Таразда қаңтар қаңтар оқиғасына қатысты 9 айыпталушыға үкім шығарылды
Сурет: Orda.kz
Таразда 2022 жылдың қаңтарында жаппай тәртіпсіздікке қатысты және оны ұйымдастырды деп айыпталғандарға үкім шығарылды. Олардың төртеуі 5 жылдан 16 жылға дейін бас бостандығынан айырылды, тағы бесеуі рақымшылық бойынша босатылды.
Қылмыстық істі Жамбыл облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қарады. Айыпталушы орындығында 9 адам отыр.

Тағылған айыптар да аз емес, сонымен оларға мындай айыптар тағылды:
• тәртіпсіздіктерді ұйымдастыру, оларға қатысу және шақыру;
• тәртіпсіздіктерді ұйымдастыруға қатысу,
• атыс қаруын ұрлауды ұйымдастыру;
• алдын ала сөз байласу бойынша бір топ адамдар жасаған атыс қаруы мен оқтарды ұрлау;
• алдын ала сөз байласу бойынша адамдар тобымен атыс қаруын, оқ-дәрілерді ұрлауға оқталу;
• адам өміріне қол сұғу,
• адам өміріне қастандық,
• алдын ала келісім бойынша адамдар тобымен жасалған атыс қаруы мен оқ-дәрілерді заңсыз сақтау, тасымалдау және алып жүру.
Сот тергеу барысында сотталушылар сұйытылған газ құнының негізсіз қымбаттауына байланысты елімізде заңсыз митингілер өтіп жатқанын біле тұра, 2022 жылдың 4 қаңтарында Тараз қаласында жаппай тәртіпсіздіктер ұйымдастырғанын нақтылады.
«Оқиға барысында хакерлік шабуыл, қиратулар, өрт қою, жою, мүлікті сындыру, атыс қаруын, жарылғыш заттарды қолдану, сондай-ақ мемлекеттік қызметкерлерге қарулы қарсылық көрсету салдарынан елеулі залал келтірілген» делінген сот хабарламасында.
Сот үкімімен Ербол Жұманов кінәлі деп танылып, жалпы қылмысы үшін 16 жылға бас бостандығынан айырылды. Айбол Сағынтай мен Жақсылық Абдуллаев әрқайсысы 5 жылға, Нұрахан Махатов 6 жылға бас бостандығынан айырылды.

Досмұхамбет Садықов, Саламат Қосанов, Ермахан Сайлауов, Дәурен Нұралиев пен Қанат Нұраханұлы бір-екі бап бойынша кінәлі деп танылып, рақымшылыққа байланысты сот залынан босатылды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Авторы: Исламбек Дастан
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық