Таразда оқушы қызды зорлау ісі бойынша тергеу жұмыстарын жылы жабуға тырысты
Фото: Envanto
Прокуратура Таразда 12 жасар қызды зорлау фактісі бойынша тергеуді қайта бастады. Бұл туралы Orda.kz тілшісіне жәбірленушінің анасының адвокаты айтты.
Жақында бізге Тараз қаласының тұрғыны хабарласып, 12 жасар қызының топтасып зорлау құрбаны болғанын айтты. Оның айтуынша, көрші жасөспірімдер мектеп оқушысына бірнеше рет жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық жасап, оқиғаның барлығын видеоға түсіріп алған. Мұны білген ана полицияға арызданған.
Зардап шеккен тараптың адвокаты Әлия Арзымбетованың айтуынша, қылмыстық сараптама қорытындысын күтпестен іс екі рет қысқартылды.
«Біз қылмыстық істі тоқтату туралы қаулы бар іс материалдарымен таныстық. Қылмыстың дәлелі жоқ деген сылтаумен іс екі рет тоқтатылды. Алайда прокуратура бұл шешімдердің күшін жойып, тергеу ісі қайта жалғасты. Жәбірленушінің анасы мұның барлығын құжаттарды оқығаннан кейін ғана білді», - деді заңгер.
Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева жағдайға назар аударды. Ол оқушы қыздың анасымен жеке хабарласып, көмек көрсетті.
«Ол көмектен бас тартты, өйткені оларға қазір қажет емес»
деп қосты Әлия Арзымбетова.
Полиция ҚР Қылмыстық кодектің 120-бабының 4-бөлігі («Кәмелетке толмаған адамға қатысты бір топ адамдар жасаған зорлау») бойынша істі тергеп жатыр. Бұл өмір бойына бас бостандығынан айыруға дейін жазаланатын ауыр қылмыс.
Қазір жәбірленушімен психологтар жұмыс істеп жатыр. Қыздың анасы іс сотқа жеткізіліп, кінәлілер лайықты жазасын алады деп үміттенеді.
Орда.kz редакциясы оқиғаларды бақылайтын болады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық