Таразда мердігер компания көпбалалы және жалғызбасты аналарды алдап келген

Тараз қаласы «Ұлы Дала» шағын ауданынан үй сатып алып, үйіне кіре алмай жатқан азаматтар Orda.kz редакциясына хабарласып көмек сұрады. Тұрғындар «журналистерден басқа мәселемізді шешетін ешкім жоқ» деп шағымданып жатыр.
Олар үйлеріне кілттің жоқтығынан емес, жарық пен жылудың тартылмағандығынан кіре алмай, сапасыз құрылыс жұмыстарыны наразылықтарын білдіруде. Үйлер 2021 жылдың шілде айында дайын болып, желтоқсан айында берілді. Бірақ шағымдары әкімдік қызметкерлеріне жетсе де нәтиже болмай тұр. «Еститін мемлекет» қызметкерлері естімей отыр дейді.
Тұрғын үй 2021 жылы 30 шілде күні қабылданып алынған, Мердігер мекеме «Бірлік сервис компани» ЖШС, техникалық қадағалаушы «Жоба құрылыс орталығы» ЖШС, авторлық қадағалаушы «Табыс жоба» ЖШС.
«Жалғызбасты анамын, балам мүгедек. Пәтеріме кіре алмай жүрмін....»
Пәтер сатып алғандардың бірі - Күлімбаева Зульфия. Оның айтуынша 2014 жылдан бері баласының мүүгедектігіне байланысты кезекте тұрады. 2013 жылдан бастап жалға пәтер жалдап тұрып жатқан жалғызбасты ананың қазір қалта шығыны екі есеге артқан.
– Үйдің ештеңесі әлі бітпеген, мен баламды бұл жерге алып келе алмаймын. Оның денсаулығы жоқ, бұл үйде жарық, су , жылу жоқ, үйдің сапасы жоқ. Терезелері ашылмайды, жабылмайды. Баспалдақтан бастап сапасыз, баспалдақты басып жоғары көтерілсеңіз тепе-теңдікті сақтай алмайсың, тегіс емес. Бізге бұл үйді құжатты тапсырып жатқанымызда 1 желтоқсан сіздерге кілтті табыстайды деген. Сосын 16 желтоқсан деді. Енді өткенімізде үйдің жағдайы осы. Біз әкімдікке де бардық. Кеше осы құрылыс бойынша жауапты маман Шыңғыс Алиасқар келді. Олар бір-біріне сілтеумен болды. Шыңғыс Алиасқардың сөзіне сенсек жарықты бүгін қосамыз деді. Сағат 10 да пластик терезелерді жасайтын адамды шақырған ол кісі әлі жоқ. Мен жұмыстан сұранып, таксимен келдім, - дейді ашынған ана.
Көпбалалы ананың айтары бар...
«Ұлы дала» шағын ауданы 1025 үйдің тұрғыны Айтбаева Индира мұғалім болып жұмыс жасайды. Осы үйді күткеніне біраз болыпты. Кезекке көп балалы отбасы мәртебесімен тұрған. 5 баласы бар Индира 90 мың теңгеге жалдамалы пәтер жалдап тұрады.
– Осы үй бітті дегенде мен үйімді өткізіп, бес баламды бес жаққа жібердім. Себебі мынау үй дайын емес. Жарық жоқ, жылу жоқ. Жарыққа барсақ документ өткен жоқ дейді, жылуға барсақ жылу келіп тұр, бірақ мотор жоқ дейді. Үйдің сапасы өте төмен, мына үйде тұра алмаймыз. Қалай болса солай соғылған үй, есіктер дұрыс орналаспаған, түсіп қалған. Пластик терезелерде дұрыс емес. Біздің бәріміздің келгіміз келіп отыр, бірақ бізді ұстап тұрған жылу, жарық одан кейін үйдің сапасы.

– Маған мұндай үйдің керегі жоқ. Бізде чат бар, чатта 40 адам бар. Бәрі наразы. Біз бастықтардың бәрін қостық. Келеді бәрі бір- біріне сілтейді. Шыдамның да шегі бар, қалталарына қолын салып алып бір-біріне, әлі жеткен әлі жеткенге сілтеп тұрады. Басшылыққа да айттық. Ең соңында кінәлі сантехник ол осы үйдің тұрғыны.
Ол кісінің қолынан ештеңе келмейді. Кеше әкімшіліктен адамдар келді сағат 10-да бәрі болады деді. Бірақ ешкім жоқ. Біз Шыңғыс Алиасқарға шықтық. Ол кісі бәрін шақырды бірақ нәтиже жоқ. Енді қазір жұмыс жасап жатқан осы үйдің тұрғыны Әділ сантехник кісі ғана. Сол кісі ғана жасап жатыр. Ешқандай нәтиже жоқ. Бізді мазақ қылып жүр басқа ештеңе емес, - дейді Индира.
ӘКІМДІК НЕ ДЕЙДІ?
Тараз қаласы әкімдігі құрылыс бөлімі басшысының міндетін атқарушы Шыңғыс Алиасқар тұрғындардың наразылықтарымен таныс екендігін жеткізіп, мердігер компаниямен 15 ақпанға дейін бәрін жөнге келтіреміз деп уәде етті.
ҮЙДІ ҚАБЫЛДАП АЛҒАН КІМДЕР?
Құжаттарға сәйкес Тараз қаласы әкімдігі құрылыс бөлімінің басшысы болған Төлеген Бибосынов. Ол қазір өз еркімен жұмысынан босап, мемлекеттік қызметші бола тұра отбасылық дүкен мен комплекс ашып, соның басы-қасында жүр деседі. Үйді қабылдау кезінде қандай жағдай болғаны белгісіз, бірақ біздің көбен қарағанда да үйдің тек іші емес, сыртындағы абаттандыру жұмыстары қалай болса солай жасалған күйі қабылданған. Осы үйге 1 млрд теңгеге жуық қаражат кеткен.

Мемлекеттік сатып алу порталы арқылы салық төлеушілердің қаражатынан «Бірлік сервис компани» ЖШС 749 млн теңге, техникалық қадағалаушы Жоба құрылыс орталығы» ЖШС 39 млн теңге бөлінген. Тұрғын үйдің аумағын абаттандыруға «KazCentexGroup» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне 34 млн теңге игерген. Осы қаражаттар қайда кетті? Тұрғындардың тауқімет болған тірлігін кім шешіп береді? Оқиғаның әрмен қарай қалай өрбитітінін Orda.kz сайтынан оқи аласыздар.
Исламбек Дастан, Жамбыл облысы
Жаңалықтар
- «Тарихи мұра»: Қазақстандағы көне таңбалар бар жерге Қытай компаниясы зауыт салады
- Қазақстан Ауғанстандағы теміржол құрылысына жарты миллиард доллар инвестиция салады
- Тілін кесті: Ақтөбеде саябақта тоқ соққан баланың анасы кінәлілерді жазалауды талап етті
- Азаматтыққа қабылдау үшін қазақ тілі мен тарихын білу талаптары өзгеруі мүмкін
- Наразылық пен балалардың үндеуіне қарамастан, Алматыдағы балалар үйі Қонаевқа көшірілмек
- Қызылордада полицияны басынған жасөспірімдер мен олардың ата-аналары жазаланды
- Алматы Сеулге айналды: Үнді фильмінің түсірілімі қаланың келбетін қалай өзгертті?
- Ректор болу үшін 200 мың доллар төлеген Айман Мұсақожаева алаяқтарға жем болды
- Ұлттық банк базалық мөлшерлемені өзгеріссіз қалдырды
- «Ем-домды карцерде жасады»: Денсаулығы нашарлаған Думан Мұхаммедкәрімнің түрме басшылығына жазғаны
- Тасмағамбетовтің күйеу баласы украиналық «БТА Банкті» сатылымға шығарды
- «Бір кереует 1,2 млн теңге»: Қызылорда облыстық инфекциялық ауруханасындағы былық ашылды
- «Азаттық радиосы» журналистері Сыртқы істер министрлігін сотқа бермек
- Алматы тауларында жоғалған ҚБТУ студентінің мүрдесі табылды
- Дикий Арманның сыбайласы Дубайдан экстрадицияланды
- Тоқаев Назарбаев айырылған лауазымға ие болды
- Ресейде тағы бір қазақстандықты «мемлекетке опасыздық жасады» деп 17 жылға соттады
- Алматы облысында 10 жастағы баланы иттен құтқарып қалған тұрғын марапатталды
- Назарбаев дәуірінің ізі: ҚТЖ-ның жаңа басшысы Талғат Алдыбергенов туралы не белгілі?
- Жамбыл облысының тұрғыны көмекке келген фельдшердің кеудесіне оқ атты