Таразда мектеп оқушысы балаларды өрттен құтқарды
Фото: Бейнежазбадан кадр
Тараз қаласындағы №54 мектептің 10-сынып оқушысы Қадырәлі Қыздарбек ерлік жасады, деп хабарлайды Orda.kz.
15-ықшамаудандағы көпқабатты үйдің бір пәтерінде болған өрт кезінде ол бөлмеден түтінге тұншыққан екі кішкентай баланы аман-есен алып шыққан.
Куәгерлердің айтуынша, Қадырәлі достарымен бірге сабақтан қайтып келе жатып, бесінші қабаттың терезесінен қою түтін шығып жатқанын байқап қалған. Сол сәтте тұрғындар үрейленіп, сыртқа жүгіріп шығып жатқанда ол көп ойланбастан үйге кіріп кеткен.
«Іште екі бала болды: біреуі бесікте, екіншісі қасында. Қадырәлі екеуін де сыртқа алып шығып, үлкендерге тапсырды. Кейін пәтерде басқа ешкім қалмағанына көз жеткізу үшін қайта кіріп шықты. Мұның бәрі өрт сөндірушілер келгенге дейін болды», – дейді көршілер.
Құтқарушылар жеткен кезде, Қадырәлі тек сөмкесін алып, ешкімге айтпастан үйіне кетіп қалған.
Жаңалықтар
- Тегеран: АҚШ пен Израиль Турция мен Иранды арандатуға тырысуда
- Жәрдемге келген медицина қызметкерлері өздері көмекке мұқтаж болып жатыр
- Ұлыстың ұлы күні — әз Наурызды Алматы қалай тойлайды?
- Қазақстанда ипотека алу қиын әрі қымбат. Неге?
- Иран Ормуз бұғазы арқылы Үндістан кемелеріне өтуге рұқсат берді
- Тоқаев Ербол Хамитовты Паралимпиададағы жеңісімен құттықтады
- «Көрісу» дәстүрінің тарихы
- Паралимпиада ойындарында Қазақстан қоржынына алтын түсті
- Мемлекет басшысы Digital Qazaqstan жобасы бойынша кеңес өткізді
- Теңізде төтенше жағдай: Компания өрттің шығу себебін тексеріп жатыр
- Түркияның орталық бөлігінде магнитудасы 5,5 болатын жер сілкінісі болды
- Блогер Жанабыловтар отбасының ісі бойынша сот тыңдауы басталды
- 4 адам мерт болды: Иракта АҚШ-тың жанармай құятын әскери ұшағы құлады
- Снежанна Имашева отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл болды
- Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары ауысты
- Қазақстан азаматтарына БАӘ-де 217 жылжымайтын мүлік тиесілі
- Референдум: Бүгін үгіт-насихат жұмыстары аяқталады
- Терезе алдындағы ішімдік бөтелкелері: Абай облысында прокуратура қызметкерлері сөгіс алды
- Тоқаев судьялар корпусында ауқымды кадрлық өзгеріс жасады
- Павлодарда бір жарым жастағы бала тазартқыш сұйықтық ішіп, мүгедек болып қалды