Таразда көшелерді жөндеуге бөлінген қаражатты жымқырған шенеуніктер 8 жылға сотталды
Фото: pixabay.com
Тараз прокуратурасы қала көшелерін жөндеуге бөлінген бюджет қаражатының талан-таражға түскенін анықтады.
Тараз әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы З.Тұрсынұлы және «АлматыМонтажСтрой» ЖШС директорының орынбасары Е. Шлеев қала көшелерін орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде 34,2 млн теңге бюджет қаражатын жымқырған.
Осы факті бойынша Тараз прокуратурасы Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы (жымқыру) бойынша қылмыстық іс тіркеп, облыстық прокуратура тергеп-тексерді.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында мемлекетке келтірілген залал толық көлемде өтелді.
«Тараздың №2 сотының 2024 жылғы 5 ақпандағы үкімімен З.Тұрсынұлы мен Е.Шлеев Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігінің 2-тармағымен кінәлі деп танылып, 8 жылға бас бостандығынан айырылды» делінген Жамбыл облысының прокуратурасы таратқан хабарламада.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық