Таразда дүкен тонағандар ұсталды: оқиға қалай болды?
Жамбыл облысының орталығы Тараз қаласы «қасіретті қаңтардың» басты ошақтарының біріне айналды. Әкімдікті қоса алғанда бірнеше ғимарат қирап қалды. Көліктер өртенді, полиция мен алаңға шыққандар арасында атыс болды. Соңында қаланың тыныштығын қарақшылар бұзды. Олар орта және шағын бизнеске көптеген шығын келтірді. Соның бірі - Тараз қаласында орналасқан «Технодом» дүкені
Менеджер Жәнібек Жүнісбаевтың айтуынша, қарақшылар дүкенге 6 қаңтардың түнінде шабуыл жасаған. Десе де дүкен қызметкерлері оның қарақшылық емесін, арнайы ойластырылған ұрлық екендігін алға тартты.
– 6 қаңтар күні кешкісін сағат 23:50-де қойманың артқы есігінен келіп, темір есікті ломмен ұрып сындырды. Олар бес жігіт болып келіп, сындырып, ішке кірді. Олар қойманың қайда екенін білген. Бірден сөрелерді қарай бастады. Бізде алтын сейф деген бар. Ол жерде бағалы заттар сақталады. Қымбат заттар тұратын сейфтің кілтін іздей бастады. Қолдарында қолғап, бетперделері, сумкалары болды, олар дайындалып келген. Ішке кірер алдында сырттағы бейнебақылау камераларын сындырып кетті. Ішке кірді де іштегі жоғарғы жақта орналасқан камераны сындырды, сосын кілттерді іздей бастады. Кілтті тапты да, сейфті ашты. Бір адам сейфтен заттарды алып жатты ал қалғандары қойманы аралап қандай заттар бар екенін көріп жүрді, - дейді ол.
Жәнібек Жүнісбаев абырой болғанда дүкен күзетінің жақын маңда болғанын айтады, соның арқасында көптеген техникалар ұрланбаған.
– Олар сейфті ашқан кезде біздің арнайы күзет бөліміне дабыл барған. Күзет осы жақын маңда жүрген екен. Үш минуттан соң олар дүкен маңына келген, көліктің төбесіндегі арнайы жарықты көрген ұрылар үлгерген телефондарын алып, бірден қашты. Дүкеннің артында қабырға бар, сол қабырға арқылы кірген, кейін сол жақпен қашып кеткен. Қабырғаның арты жазық дала, сол жаққа машиналарын қойып қойған екен. Ертесіне біз келдік, қарадық. Барлығын санап түгендедік, - дейді менеджер.
Дүкеннен бас-аяғы 5 iphone, 1 apple watch, 1 микротолқынды пеш ұрланған, шығын сомасы 3 млн 500 мың теңгені құрайды. «Технодомды» тонап кеткендер түбінде ұсталды. Полиция қызметкерлі дер кезінде әрекет етіп, күдіктілерді қамауға алған, ұсталғандар өз іс-әрекеттерін мойындаған.
Исламбек Дастан, Жамбыл облысы
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық