Таразда алып қыз дүниеге келді
Фото: Жамбыл облысының денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен
Жамбыл облыстық көпсалалы ауруханасының перинаталдық орталығының дәрігерлері сәбидің дүниеге келуіне көмектесті, деп хабарлады Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
19 сәуір күні сағат 09:45-те Жамбыл облыстық көпсалалы ауруханасының перинаталдық орталығының қабылдау бөліміне жүкті әйел толғақпен түскен.
«Дәрігерлердің тексеруінен кейін бірден кеңес ұйымдастырылып, онда босану әдісіне қатысты мәселе шешілді. Толғақ кезінде нәресте басымен емес, жамбас жағымен келген, сонымен қатар барлық көрсеткіштер бойынша дүниеге келетін сәбидің ірі екені алдын ала белгілі болған.
Сарапшылардың пікірінше, кейде ірі салмақтағы балалар да табиғи түрде туылып, бәрі жақсы өтеді, бұның бәрі ананың жеке жағдайы мен денсаулығына байланысты.
Бірақ бұл нақты жағдайда нәрестенің салмағы ірі, сондай-ақ ананың метаболикалық синдромы қиындық тудырды» деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Дәрігерлер әйелге жедел түрде кесарь тілігі жасау туралы шешім қабылдады.
«Сағат 10:46-да салмағы 5 келі, бойы 62 сантиметр қыз бала дүниеге келді. Мұндай нәрестені алып деп атайды. Операцияны ұйымдастыру-әдістемелік бөлімінің басшысы Бағдат Нұрмахан мен қабылдау бөлімінің меңгерушісі Ақерке Тоқбергенова жасады» деп хабарлады басқармада.
Дәрігерлердің айтуынша, ота сәтті өтті, ана мен баланың жағдайы жақсы.
Жаңалықтар
- Үкімет Қашағанның 10,7 млрд долларлық келісімшарты бойынша жемқорлық болғанын мәлімдеді
- Иран Трамптың Ормуз бұғазын АҚШ-тікі деп жариялау жоспарына жауап берді
- ДСМ балаларға стоматологиялық көмек қолжетімділігін шынайы қамтамасыз етуді тапсырды
- 17 жыл бойы Еуропада қашып жүрген «Кинг-Конг» лақап аты бар қылмыскер сотталды
- Канье Уэсттің Алматыдағы концертінде қазақ тілі неге ескерілмеді?
- WBO Жәнібек Әлімханұлының дисквалификациясын тоқтатты, ол енді титулға үміткер
- Индонезияда магнитудасы 7,7 болатын күшті жер сілкінісі болды: Қаза тапқандар бар
- Алматыдағы блэкаут: Қала көшелерінде 1300-ден астам заңбұзушылық болды
- Түркістан облысындағы жанармай бекетінде бензин таситын 10 тонналық көлік өртенді
- Дастан Сәтбаев жаңа маусымда «Бернли» сапында ойнайды
- Алматыда бағдаршамдар іске қосылып, метро жұмысын қайта бастады
- Канье Уэсттің концерті 15 тамызға ауыстырылды
- Қазақстандағы электр желісіндегі ақауға не себеп болды? KEGOC жауабы
- Шымкентте бұрынғы күйеуі әйелдің бетіне қышқыл шашып, күйдіріп тастады: Оқиғаның мән-жайы
- «Баланың басынан таяқпен ұрған»: Бейімдеу орталығының маманы балаларға қатыгездік көрсеткен
- Ана мен бала өлімі азайды: Қазақстан медицинасының жаңа көрсеткіштері
- 20 адам зардап шегіп, 45 млн теңгеден астам шығын келтірген алаяқ әйел сотталды
- Павлодар облысының тұрғыны полиция бөлімінде жұмбақ жағдайда қайтыс болды
- Отбасын қолдау орталығының заңгері әйеліне тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған
- Оралда септикке құлаған 8 жастағы қыз көз жұмды