Таразда қаңтар оқиғаларына қатысқан 8 адам жауапқа тартылды
Фото: ашық дереккөзден
Тараз қаласының №2 сотында жаппай тәртіпсіздікке қатысу бойынша айыпталған 8 сотталушыға қатысты қылмыстық іс қаралды.
4 қаңтарда Ж., І., Л., Е., Ж., Ә., А. және С.,есімді азаматтар Тараз қаласында күш, вандализм актісін қолданумен, қирату, бұзу, мүлiктi жоюмен, сондай-ақ полиция қызметкерлерінің талаптарына бағынбаумен ұласқан жаппай тәртіпсіздіктерге қатысқан.
Тәртіпсіздіктер
Сотталушы Ж. 4 қаңтар сағат 19.00 шамасында, тергеумен анықталмаған басқа да белгісіз тұлғалармен бірігіп, қоғамдық тәртіпті өрескел бұзып, құқық қорғау қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбай, оларға қарсы күш қолданып, яғни қорғаныс қалқандарынан бірнеше рет теуіп жаппай тәртіпсіздікке белсенді қатысқан.
Сотталушы А., 4 қаңтар сағат 20:00 шамасында, Жамбыл облысы әкімдігі ғимаратының алдына жиналған топқа қосылып, полиция қызметкерлерінің талаптарына бағынбай, құқық қорғау қызметкерінің резина таяғын күш қолдану арқылы тартып алып, ереуілге шыққан жиынмен бірге жаппай тәртіпсіздікке белсенді қатысқан.
Сотталушылар Е. мен І. 4 қаңтар сағат 21:00 шамасында Тараз қаласы «Жансая» мөлтек ауданында кездесіп, 5 қаңтар түнгі сағат 02:45 шамасында Қазыбек би көшесінің бойына келіп, Жамбыл облысы ПД-нің жол патрульдік полиция батальоны қызметкерлерінің қызметтік көлік құралдарын қиратумен ұласқан жаппай тәртіпсіздік жасап жатқан тергеумен анықталмаған тұлғаларға қосылып, бірге қылмыстық іс әрекеттерін соңына дейін жеткізу мақсатында, екеуі автокөліктен түсіп, аталған көшелердің қиылысында тұрған полиция қызметкерлерінің автокөлігінің капотынан аяқтарымен тепкен.
Сотталушы Ә. 4 қаңтар сағат 22:15 шамасында Жамбыл облысы әкімдігі ғимаратының артқы бетіне автокөлігін қойып, ғимарат алдына жиналған топқа қосылған. Құқық қорғау қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбай, оларға қарсы күш қолданып, яғни ғимаратты қирату мақсатында қорғаныс қалқандарынан итеріп, бірнеше мәрте тас лақтырып, мүлікті қиратумен ұштасқан жаппай тәртіпсіздікке белсенді қатысқан.
Сотталушы Ж. сол күні сағат 23.00 шамасында 5513 ә/б әскери қызметшілерінің заңды талаптарына бағынбай, күш қолданып, қызметшінің қолынан резина таяқты тартып алып, соққыға қарсы қалқанынан бірнеше мәрте ұрып-теуіп, жаппай тәртіпсіздікке белсене қатысқан.
Сотталушы Л. 4 қаңтар сағат 22:40 шамасында Жамбыл облысы әкімдігі ғимаратының алдына жиналған топқа қосылып, қоғамдық тәртіпті өрескел бұзып, құқық қорғау қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбай, оларға қарсы күш қолданып, ғимаратқа тас лақтырып, мүлікті қиратумен ұласқан жаппай тәртіпсіздікке белсенді қатысқан.
Сотталушы С. 4 қаңтар сағат 23:00 шамасында құқық қорғау және 5513 ә/б әскери қызметшілерінің заңды талаптарына бағынбай, күш қолданып, олардың соққыға қарсы қалқанынан қолымен итеріп, артынша аяғымен теуіп, жаппай тәртіпсіздікке белсенді қатысқан.
Қандай жаза қолданылады?
Прокурор – сотталушыларға ҚР Қылмыстық кодексінің 63-бабына сәйкес, пробациялық бақылау белгілене отырып, шартты түрде 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.
Жасалған қылмыстардың сипаты мен қоғамдық қауіптілік дәрежесін ескере отырып, сондай-ақ процестік келісімнің шарттарына сәйкес, Ж., І., Л., Е., Ж., Ә., А. және С.-ға түпкілікті пробациялық бақылау белгілене отырып, шартты түрде әрқайсысына 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Авторы: Исламбек Дастан
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық