Таразда 18 жыл бойы мемлекетаралық іздеуде болған шетелдік азамат ұсталды
Фото: freepik.com
Таразда Өзбекстан азаматы ұсталды. Оған 2006 жылы қасақана кісі өлтірді деген айып тағылған.
Жамбыл облысы полиция департаментінің экстремизмге қарсы күрес басқармасы қызметкерлері Қазақстан шекарасын заңсыз кесіп өткен шетелдік азаматты ұстады. Оның 18 жыл бойы мемлекетаралық іздеуде жүргені белгілі болды.
«Ер адам 2006 жылы көрші мемлекет аумағында қасақана кісі өлтіргені үшін мемлекетаралық іздеуге жарияланғаны анықталды. Шетелдікке қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Оны экстрадициялау мәселесі қозғалды. Өзбекстан Республикасы аумағында қылмыстық жауапкершілікке тартылу мәселесі шешілуде» деп хабарлады ІІМ баспасөз қызметі.
Тергеу мүддесімен басқа ақпарат жария етілмейді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық