Таразда 131 млн теңге бюджет қаражаты үнемделді
Мұндай нәтижеге «Әділдік жолы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Жамбыл облысы бойынша филиалы – сыбайлас жемқорлыққа қарсы жоба волонтерлері қол жеткізді, деп хабарлайды Orda.kz тілшісі.
Жұмыс барысында Тараз қалалық мектептен тыс жұмыс және балалар шығармашылығы орталығы мен «Н.Сәтенов» жеке кәсіпкері арасындағы келісім-шартта көрсетілген тауарлар бағасы жоғары болғаны анықталды.
Тексеріс кезінде аталған тауарлардың нақты көлемін анықтау мақсатында (өндіріс құралдары мен шаруашылық құрал-жабдықтарын сатып алу) шарт бойынша 551,6 млн.теңге тауардың орташа құны 419,9 млн.теңге болатыны анықталды.
Құзырлы органдар анықталған кемшіліктерді растап, нәтижесінде 131,7 миллион теңге Тараз қалалық білім бөліміне қайтарыуға мәжбүр болды.
Барлық заң талаптары бойынша шаралар қолданылып, нәтижесінде сот аталған іс бойынша 131,7 млн теңгені бюджетке қайтару туралы шешім шығарды. Шешім заңды күшіне енді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық