«Тараз және түркі өркениеті» ғылыми конференциясы өтті
Тараз Орталық Азиядағы ең көне қалалардың бірі – Түркі өркениетінің ошағы екенін айғақтайтын тарихи негіздер көне шаһарда жетерлік.
Жамбыл облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен өткен «Тараз және түркі өркениеті» атты халықаралық ғылыми конференциясын осы орайда ой қозғалды. Жиынға АҚШ, Түркия, Жапония, Өзбекстан, Қырғызстаннан келген ғалымдар қатысты.
Аймақ басшысы Бердібек Сапарбаев ұлттық құндылықты дәріптеу, жалпытүркілік өркениеттің мәдени дамуы мен тарихи өркендеуіне өлшеусіз үлес қосатынын атап өтті.
— Қазақ жерінде Жібек жолынан бері барлық карталарда келе жатқан екі қала бар. Бірі Тараз қаласы, екіншісі Жаркент. Елімізде ЮНЕСКО-ға енетін 11 объекті болса, соның бесеуі Жамбыл облысында орналасқан, - деді Бердібек Сапарбаев.
Парламент Мәжілісінің депутаты Берік Әбдіғалиұлы Тараздан шыққан белгілі Таразилерді түгендеп, олардың есімдері мен еңбектерін ұрпаққа жеткізу керек деді. Сондай-ақ балбалтастар музейін ашуды ұсынды.
Халықаралық Түркі академиясының Президенті, тарих ғылымдарының докторы Дархан Қыдырәлі ежелгі және кейінгі замандағы түркі ұрпақтары арасындағы сабақтастықты одан әрі нығайтудың жалпы ұлттық мақсаты – Ұлы Дала елін Мәңгілік елге айналдыру екендігін айтты.
АҚШ-тан келген тарих ғылымдарының докторы, профессор Юлай Шәмілоғлы Қытай саяхатшысы Суан Цяньның 7-ғасырда Әулиеата өңірінде болып, жүргізген зерттеулерінен құнды мәліметтер келтірді. Жапон ғалымы Садакатцу Кунитаке Жамбыл өңірінде жүргізген экспедициясынан ақпарат бөлісті.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық