Тараз қаласының әкімі отбасылық бизнесі мен өзі танымайтын кеңесші туралы сұрақтарға жауап берді
Тараз қаласының жаңа әкімі Бақытжан Орынбеков бұқаралық ақпарат құралдары басшыларымен кездесу өткізді. Кездесу үш сағатқа жуық созылды. Әкім БАҚ өкілдерінің өңірдегі түйіткілді мәселелер бойынша сұрақтарына жауап берді.

Қызметке тағайындалғанына он күн болған Тараздың жаңа әкімі Бақытжан Әмірбекұлының ресторан, кафе, құрылыс компаниясы бар екені жайлы әлеуметтік желіде ақпарат жарияланған болатын. Желідегі қауесеттерге әкім өз жауабын берді.

Әкім өзінің кеңесшілерімен танысып үлгермепті
Осыған дейін Тараз қаласы әкімінің кеңесшісі Нұржан Нұралиев Байзақ ауданы білім бөлімі басшысы қызметіндегі әрекеті үшін Жамбыл облыстық Антикордың тергеуімен ҚР Қылмыстық кодекстің 189 бабының 4 бөлігінің 2 тармақшасымен күдікті ретінде өтуде.
Ол Тараз қаласы әкіміне қандай кеңес беріп жүрген деген заңды сауал туындауына байланысты сұрақ қойылғаннан кейін Орынбеков өзінде ондай кеңесші болмағанын айтты.
Орынбековтың отбасылық бизнесі бар ма?
Әлеуметтік желілерде жаңа әкімнің Тараздағы «Атриум», «Тойқазан», «Чао какао» мейрамханалары мен «Тараз көлік жолы» ЖШС иесі ме деген мәселелер жазылған болатын. Әкім осы сұрақтар бойынша тоқталып, өз жауабын айта кетті.
— 2004 жылға дейін бизнеспен айналысқаным рас. Сол жылы барлық бизнесімді кіші ініме тапсырып берген болатынмын. Таразда бизнеспен айналыспадым. Мемлекеттік холдингта қызмет еттім. Менің отбасымның барлық мүшелері бизнеспен айналысады. Олардың ешқайсысы мемлекеттік қызметте емес. Қазіргі таңда ешқандай бизнеске қатысым жоқ. «Атриум», «Тойқазан», «Чао какао» ресторандары менің отбасымдағы адамдарға тиесілі, компаниялар да отбасы мүшелеріне тиесілі. Сонымен қатар отбасымызға тиесілі Астанада, Алматыда, Таразда мүліктеріміз бар. Менің отбасы мүшелерім адал бизнесмендер, - деді Тараз қаласының жаңа әкімі.
Авторы: Исламбек Дастан, Тараз қаласы
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық