Тараз қаласының әкімдігі тендерсіз 3,5 млрд теңгеге келісімшарт жасады
Шілде айының соңында ҰҚК Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының міндетін атқарушы Мақсат Нұржановты 1 млн 200 мың теңге пара алу кезінде ұстады. Orda.kz тілшісі қалалық әкімдіктің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі жасаған келісім-шарттарды мемлекеттік сатып алу порталында сараптап, қызық жайттарды анықтады.
Ең бірінші жабдықтаушылар тізімінде Тараз қаласы, Бөлтірік шешен, 23 мекен-жайындағы 3 жолақ көзге түсті. Бұл жерде «Ерік Астана» ЖШС (58 миллиондық келісім) мен «Каз ин Капитал» ЖШС (468 миллиондық келісім) тіркелген. Соңғысының басшысы Мамыров Еркін Сейджапарұлы. Ол Тараз қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінен 686 млн теңгені тендерсіз жеңіп алған тағы бір ЖШС – «ИнвестКонстракшн» ЖШС- нің басшысы ретінде көрсетілген.
Сондай-ақ, бір көзден алу әдісімен бірнеше келісім-шарттар жасалған:
- «Алматы Монтаж Строй» ЖШС 464 млн теңгеге;
- Төлебаев Талғат дара кәсіпкер (ДК) 77 млн.теңгеге;
- «Ғимарат Строй com» ЖШС 128 млн теңгеге;
- 112 млн теңгеге «Самұрық Тараз» ЖШС;
- 100 мың теңгеге «KazNova inc» ЖШС;
- «SUCCEED» ЖШС 85 млн теңгеге;
- Нұрбаев ДК 66 млн теңгеге;
- 19 млн теңгеге «Бастау тур» ЖШС;
- «МК Түйте Сүй» ЖШС 179 млн теңгеге;
- 185 млн теңгеге «Әулие ата» ДК;
- «Азбука света» ЖШС 48 млн теңгеге;
- 12 млн теңгеге «Рахымбеков Нұрсұлтан» ДК;
- 30 млн теңгеге «Ая технологи» ЖШС.
Ал тағы 12 компаниямен жасалған келісімнің жалпы сомасы 420 млн.теңге.
Еске салсақ, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы Зият Тұрсынұлы да сыбайлас жемқорлыққа байланысты қылмыстық іске қатысты. Инсайдерлік ақпаратқа сәйкес, антикор қызметкерлері оны департаментте болып жатқан оқиғалар туралы толық мәлімет берген Мақсат Нұржанов арқылы ұстаған. Енді міне, былтыр қаза тапқан офицерлерге ескерткіш ашуға атсалысқан Мақсат Нұржановты ҰҚК қамауға алды.
Авторы: Исламбек Дастан
Жаңалықтар
- «Жасанды Күн»: Қытай әлемдегі ең ірі термоядролық магнит жасады
- «Самұрық-Қазына» қорына қарасты компания басшылары 7,7 млрд теңге сыйақы алды
- Алматы облысындағы ойын бизнесінен бюджетке 25 млрд теңге түсті
- Қостанайдағы интернатта 14 жастағы бала көз жұмды: Қызметкерлер аптап ыстық пен кондиционердің жоқтығына шағымданды
- Алматы көшелерінде автобустар не үшін қаңтарылып тұр?
- Тәжікстанда қара хиджабқа тыйым салынып, сақалдыларға бақылау күшейді
- Іздеуде болған мерзімді әскери қызметші ұсталды: Ол әскери полицияға не айтты?
- Жұмыс күші жетіспейтін өңірлерге қоныс аударғандарға 7 миллион теңгеге дейін төленеді
- Алматы маңында жер сілкінді
- Сурхандарияда қызын қорлап, нәжіс жеуге мәжбүрлеген әкеге қылмыстық іс қозғалды
- Елімізде небәрі 240 адам тұратын ең аз ұлт қайсы?
- «Семей орманы» резерватындағы ірі өрт екі аптадан кейін толық сөндірілді
- Жарты жылда жеті адам қаза тапты: Жамбыл облысында өндірістегі жазатайым оқиғалар неге әлі де тоқтамай тұр?
- Футболдағы әлемдік жанжал: Трамп күйеу баласы арқылы додаға қол салды
- Жапониядағы күшті жер сілкінісінен 13 адам қаза тапты, дүмпулер қайталануы мүмкін
- АҚШ пен Сауд Арабиясы Ирактағы Иран қолдайтын террористік нысандарға соққы берді
- Трамп пен Зеленский Ақ үйде жабық кездесу өткізді
- Вице-министр Астанадағы су тасқыны туралы: «Табиғаттан құдыретті емеспіз»
- ЖИ мәтінін тексермей оқи салған депутатты халық отставкаға кетсін деп жатыр
- «Баламның балалық шағын жоқ қылды»: Ақтаудағы стоматологиялық емнен кейін 4 жасар бала жағынан айырылды