Тараз қаласының жастары әкіміне мысқылмен қошемет көрсетті
Скриншот
Қала әкімі Ержан Жылқыбаевтың суреті бар тақтайша қаланың проблемалы көшелерінің бірі – Шостакович көшесіне қадалды. Қала жастары билік өкілдерінің назарын осындай жолмен нақты мәселеге аударуды жөн көрді.
«Күрделі жөндеу үшін рахмет» деп жігіттер көшенің соңғы кездері қандай күйге айналғанын, апаттар тіркеліп жатқанын көрсететін екі минуттық бейнероликте өз ұстанымдарын білдірді.
26 мамырда дәл осындай жол акциясы Өскеменде де өткен болатын. Онда да тұрғындар шұрық-төсік болып бұзылған жолға қала әкімі Жақсылық Омардың суретін орнатқан болатын.

«Өскеменде қаланың проблемалық аймақтарына әкім Жақсылық Омардың портреті орнатылды. Жол мәселесі көтеріліп, биліктің қираған жерлерге назар аударуы керек. Челлендждің ұраны «Ең жақсы түзету – Омардың отставкаға кетуі» деген сөз болды. Ал мұның барлығы жалпыхалықтық референдум қарсаңында болып отыр » деп жазды блогер Насима Қорғанбекова Facebook парақшасында.
Мұның бәрі Өскеменде қалай аяқталғаны белгісіз. Бірақ Таразда жастар жол акциясын бірер сағаттың ішінде тоқтата салды. Біраз уақыттан кейін бейнежазба жойылып, ақпарат беруге асыққандар алдағы күрделі жөндеуден хабарсыз екенін айтып, әкімнен кешірім сұрады. Тараз әкімдігі жөндеу жұмыстары тендер ашық болған кезде жүргізілетінін түсіндірді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық