Тараз қаласындағы бағдаршам нысандарын күтіп ұстау қызметі бойынша дау туды
Сурет: ашық дереккөзден
Тараз қаласындағы бағдаршам нысандарына қызмет көрсетіп жүрген компания араша сұрауда. Компания Тараз қаласы әкімдігімен конкурс жеңімпазы анықталғанға дейін бағдаршам нысандарын тегін күтіп ұстау мен қызмет көрсетуге уағдаласқан.
2022 жылға арналған Тараз қаласының бағдаршамдарын ағымдағы жөндеуге, күтіп-ұстауға, орнатуға және қалпына келтіруге арналған қызметтер, жол белгілері мен белгілеулерге қызмет көрсету және оларға ағымдағы жөндеу, жарық диодты шамдармен жарықтандырылған белгілер орната отырып, реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелдерін жайластыру (4 нысан), қолданыстағы жол қозғалысы детекторларын (16 нысан) пайдалана отырып, бейімделген басқарылатын жол қиылыстарындағы көлік ағындарының мониторингі, жасанды кедергілерді (700м) орнату, жол белгілерін дайындау және орнату бойынша 83 млн теңгеге конкурс жарияланған.
Конкурстық комиссия шешімімен «СтройМонтажGroup» ЖШС-і жеңімпаз атанған. Бірақ конкурс жеңімпазы анықталса да, конкурс өтпеді деп танылды.
Оған Қаржы министрлігі ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Жамбыл облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментіне жіберілген хатындағы «Департаментке шағымда көрсетілген уәждер бойынша растаушы құжаттарды қоса дәлелді жауап берулеріңізді сұраймын» деп көрсетілген сөздері негіз болған.
«СтройМонтажGroup» ЖШС басшысы Қожағұл Абылай «конкурс әкімнің ұнатқан қызмет жеткізушісімен емес, бәсекелестік орта ашық конкурс арқылы жеңімпаз атанғандармен жұмыс істеуі керек» деп отыр.
Оның бұл іске өз айтары бар болып шықты.
— Қаланың жол қозғалысы бірде бір минут тоқтаған емес, соңғы үш айда тегін қызмет көрсете отырып, жеңімпаз болып табылсақ та, «ойдан шығаралған» әдістермен келісімшартқа қол қоймауға барлық әрекет жасалуда. Сол себепті ішкі аудит департаментінің шешімін күтпестен, әкімдік конкурсты тоқтатып отыр,- дейді Қожағұл Абылай.
Тараз қаласында соңғы үш айда тегін қызмет көрсетіп жүрген «СтройМонтажGroup» ЖШС басшысы құзырлы және құқық қорғау органдарына аталған келеңсіздіктерді көрсетіп хат жазғанын хабарлады.
Сонымен қатар аталған мекеме басшысы ашық дереккөздерден алынған мәлімет бойынша, осы уақытқа дейін Тараз қаласында бағдаршамдарды күтіп ұстау және қызмет көрсетумен үздіксіз «СМЭУ-Автотранссигнал-2» ЖШС айналысқанын және олар жылына кемінде 200 млнға жуық келісімшартқа қол жеткізіп отырғандығын алға тартады.
Тараз қаласы, Исламбек Дастан.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық