Тараз әлемдік қолөнершілер қалаларының тізіміне енді
Тараз әлемдік қолөнершілер қалаларының тізіміне енді, деп хабарлайды Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі.
— Тараз – қолөнершілер қаласы» халықаралық көрмесінің киелі Әулиеата топырағында өтіп жатқанына шын жүректен қуаныштымын! Бүгін біз Тараздың әлемдік қолөнершілер қалаларының тізіміне ресми түрде енгізілгеніне куә болып отырмыз. Бұл тізімге Тараз үлкен туристік және қолөнер әлеуеті арқасында енді, - деді облыс әкімі Нұржан Нұржігітов.
Дүниежүзілік қолөнершілер қалаларының тізімі 2014 жылдан бері қалыптасып, Самарқанд, Бұхара, Хиуа, Қоқан сияқты әлемнің елуден астам қалаларын қамтиды. Қасиетті Тараз – Қазақстанның осы тізімге енген алғашқы қалаларының бірі.
— Облысымызда туризмді дамыту мақсатында ауқымды шаралар өткізу жоспарлануда. Осы бағытта жұмыс істеуге ниетті кәсіпкерлерге қолдау көрсетілуде, - деді әкім.
Облыста 3435 тарих және мәдениет ескерткіштері болса, оның бесеуі ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мәдени мұралар тізіміне енгізілген, 25-і республикалық, 698-нің жергілікті маңызы бар.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық