Тараз әкімі сот шешімін орындамағаны үшін айыппұл арқалады
Құрылыс және әрлеу материалдарын шығаратын зауытқа апаратын жолды жөндеу жұмыстары туралы сот шешімін орындамаған Тараз әкімі Бақытжан Орынбековке 250 мың теңгеге жуық айыппұл салынды.
Тараз қаласы әкімі мен Меркі ауданының әкіміне айыппұл салынды. Бұл туралы Әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының төрайымы Динара Нұрлыбаева мәлімдеді. Оның айтуынша, екеуі де сот билігіне бағынбаған. Меркі әкімі сот шешіміне мән бермегені (сотқа шақырылған, бірақ келмеген) үшін 69 мың теңге айыппұл төлейтін болды.
Ал тараздық шенеунік болса, сотқа мүлде бағынбағанымен қоймай, орган шешіміне пысқырмаған да. Оқиға құрылыс және әрлеу материалдарын шығаратын ЖШС зауытына апаратын жолға қатысты сот ісін жүргізуден басталды.
Компания сотқа шағым түсіріп, қала әкімдігіне жолды мемлекет есебіне алуды және жөндеуді талап еткен. Сот компания пайымының дұрыстығын ескеріп, әкім Орынбеков қала бюджеті есебінен де жолды жөндеуі керек деп шешті.
«Алина Групп» ЖШС-нің арызына қатысты Тараз қаласының әкіміне және «Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-не 2021 жылғы 24 қыркүйектегі сот шешімін орындамуына: автомобиль жолын мемлекеттік тіркеуге, тиісті техникалық жай-күйіне және орташа жөндеу жұмыстарын ұйымдастыруда шара қолданбауына, яғни көрсетілген заңсыз әрекетсіздікке байланысты жолды орташа жөндеу жұмыстарын ұйымдастыру туралы сот шешімін міндеттеу, сондай-ақ сот шешімін орындамағанына байланысты Тараз қаласының әкіміне ақшалай айыппұл салынсын» делінген құжатта.
Бірақ қала әкімі белгісіз себептермен сот шешімін осы күнге дейін орындамай, ол үшін тағы 70 АЕК (241 500 теңге) көлемінде айыппұл салу туралы екінші сот шешімін алған.
Дегенмен екі әкімнің де аталған айыппұлды төлегені белгілі болды. Бұл ретте, сот жүйесі арқылы 2023 жылдың 1 жартыжылдығында жалпы сомасы 1 345 500 теңгеге 11 ақшалай айыппұл салынып, оның ішінде 759 000 теңгеге 8 сот актісі орындалғаны атап өтілді.
Сонымен қатар ақшалай айыппұл Сарысу ауданы Игілік ауылдық округінің әкіміне, «Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы» КММ-не, «Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-не де салынды.
Авторы: Исламбек Дастан
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық