«Тарақан қаптап, көк басқан»: Алты баланың анасы Ақтөбе әкімін жауапқа тартуды сұрады
Фото: Orda.kz
Ақтөбе әкімі Азамат Бекеттің қызметкерлері қиын жағдайда қалған отбасыға апатты деп танылған жатақханадан пәтер берді. Көпбалалы отбасылар есік-терезесі қирап, сатысы түсіп, тарақан жайлап кеткен жерде әр күнін үреймен өтікізіп жатыр. Осы жерге келгеніне бес күн болған алты баласы бар жалғызбасты ана бар жағдайды біле тұра пәтердің кілтін берген әкімдіктің қызметкерлерін жазаға тартуды сұрады, деп хабарлайды Orda.kz.
Ақтөбеде алты баланың анасы Сейдилдина Гүлжан әкім Азамат Бекет пен оның қол астындағы әкімдік қызметкерлерін жауапқа тартуды сұрады. Шиттей баламен далада қалғанын айтып, көмек сұраған отбасыға әкімдік қызметкерлері тұруға жарамсыз, қауіпті, ресми түрде апатты деп танылған көпқабатты жатақханадан пәтер кілтін берді.
«Әкімдік қызметкерлері бұл үйді апатты жағдайда тұр деп ескерткен жоқ. Осы жерде жатақхана бар деп қолыма кілтін ұстатты. Бөлім басшысы Мадияр, Аружан, депутат Нұржамал есімді қызметкерлер үйдің жағдайын білді. Әкім де білді. Көмекшісімен сөйлестім. Сол жерде комиссия шешімімен мені осында жіберді. Олар жауапқа тартылсын. Бұл үй тұруға қауіпті. Бірақ амалым жоқ. Жалдамалы пәтердің екі айын төлей алмай қалдым. Денсаулығыма байланысты ота жасатқан едім. Сол кезде қиналып қалдым, пәтер ақшасын төлей алмаған соң қуып шықты. Берген жерге келдім. Осы жерде қаншама бала жүр», — деді Гүлжан Сейдилдина.
Әйелдің балаларының алды 23 жаста, кішісі 4 жаста. Үлкен екі баласы аяқтанған. Қолында төрт баласы бар. Көпбалалы ана апатты деп танылған үйге бес күн бұрын көшіп келген.
Ол мұнда жалғыз емес. Тұруға жарамсыз, бұзуға жіберілген үйде басқа да жалғызбасты әйелдер тұрып жатыр.
Көпбалалы ана әкімдіктің әрекетіне күмәнмен қарайды.
«Мен үндеу жасаймын. Ел президенті Тоқаевтан көмек сұраймын. Шиеттей бала-шағаммен апаттық деп танылған үйге кіргізді. Мен бұл жерді амалсыздықтан паналауға мәжбүрмін. Адам өміріне қауіпті, комиссия апатты деп таныған құлайын деп тұрған үйге кіргізді. Әкімшілікті жауапкершілікке тартуды сұраймын. Осы апатты деп танылған үйде жалғызбасты аналар пәтер жалдап жүр. Бұл үйлерді кім жалға берді?! Әкімшіліктен осы үйді алғандар басқа адамдарға жалға беріп қойған. Бірақ әкімдіктегілер оны мойындамайды. Мүмкін әкімдіктің таныстары, мүмкін әкімдік қызметкерлерінің өзі жалға беріп отырған шығар. Ол да мүмкін. Әкімдік осы үйдің кілтін берді. Бұл жерде тұру мүмкін емес. Үй ылғал, қабырғалары көгеріп, тарақан қаптап жүр. Ең қорқыныштысы — үй тұруға жарамсыз апатты деп танылған. Комиссия қорытындысымен үйді бұзуға шешім шыққан. Сол жерге әкімдік көпбалалы отбасыларды кіргізіп қойған. Басқа баратын жері жоқ. Түнде ұйықтамаймыз, Кеше баламның құлағына тарақан кіріп кетті. Емханаға барып алдырдым», — деді көпбалалы әйел.
Мән-жайды Ақтөбе қаласы әкімдігінен анықтадық. Апатты деп танылған үйде «Толық емес отбасы» санаты бойынша кезекте тұрған 13 отбасы тұрып жатқанын растады.
Әкімдік Гүлжан Сейдилдинаның 2018 жылдан «Көп балалы отбасы» санаты бойынша тіркелгенін хабарлады. Қазіргі уақытта кезегі №335.
«Г.С.Сейдилдина қазіргі уақытта қиын тұрмыстық жағдайда екендігін айтып келді. Оны тұрғын үй комиссиясы тыңдады. Тұрғын үй қатынастары бөлімі кезектен тыс пәтер алу мүмкіндігі жоқ екенін заң аясында түсіндіру жұмысын жүргізді. Бұл азаматша Ақтөбе қаласы тұрғын үй қатынастары бөлімінің балансында тұрған үйлерді сұрады. Қазіргі уақытта тек Ақтөбе қаласы, Астана ауданы, Гришина көшесі, 72 мекен-жайындағы жатақханада ғана екі бөлменің бос екені, бірақ, жатақхана апатты деп танылғаны түсіндірілді. Г.Сейдилдина екі бөлмені көремін деп тілек білдірді. Жатақхана жағдайын өзі барып көріп, көз жеткізсін деген мақсатпен 16 маусым күні оған қосылған екі бөлменің кілті берілді. Уақытша тұру үшін бөлме немесе пәтер берілген кезде уақытша алушымен келісім-шарт жасалады және келісім-шарттың бір көшірмесі қолына беріледі. Г.Сейдилдинамен ешқандай келісім-шарт жасалған жоқ, оған жоғарыда айтылғандай сенімсіздік болмауы үшін қолда бар бөлмелердің жағдайына көз жеткізу ұсынылды», — деп хабарлайды Ақтөбе қаласы әкімдігінен Айгүл Байменова.
Әкімдік жалғызбасты көпбалалы аналар тұрып жатқан Гришина 72 мекенжайындағы жатақхананың 2024 жылы техникалық сараптама қорытындысымен апатты деп танылғанын растады.
Айта кетейік, материалды жазу кезінде әкімдіктен ақпарат сұратқанымызда көпбалалы ана қайта хабарласып, көмек сұрады. Әкімдік қызметкерлері апатты үйдегі пәтер кілтін тапсыруды талап еткен.
Автор: Ардақ Ерубаева
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық