Танымал журналист Қазис Тоғызбаев өмірден өтті
28 ақпанда Азаттық радиосының тілшісі Қазис Тоғызбаев Алматыдағы коронавирус ауруханасында қайтыс болды. Ол 72 жаста еді. Марқұмнан 25 қаңтарда короновирус анықталып, ауруханаға жатқызылған. Оны 22 ақпанда клиникадан шығарған, кейін халі ауырлап қайта ауруханаға түскен. Бүгін жақындары оның жүрегі тоқтағанын хабарлады.
Тоғызбаев 2008 жылдың қыркүйегінен бастап Азаттық радиосының Қазақ қызметінде тілші қызметін атқарған.
Запастағы полковник Қазис Тоғызбаев әскери қызметінен соң журналистикаға бет бұрып, фотографиямен де айналысқан. Оппозициялық «Сөз» және «Азат» газеттерінде қызмет еткен. kub.info сайтында блог жүргізіп, Алматы маңындағы Шаңырақтан жұртты күштеп көшіру жайлы фоторепортаждар жариялаған.
Қазис Тоғызбаев 2007 жылы қаңтарда Қазақстандағы демократиялық құндылықтарды дамытуға қосқан үлесі үшін «Азаттық» сыйлығымен марапаттаған. Ол Азаттықтың Қазақ қызметінде көбіне саяси, адам құқығы, әскери тақырыптарға жазды.
Ол 2011 жылы желтоқсанда Жаңаөзенге журналистердің ішінен алғашқылардың бірі болып барған. Қазис аға Маңғыстау облысынан объективті репортаждар таратып, Жаңаөзенде не болып жатқанын дер кезінде хабарлап отырған.
Қазис ағаның «Заманбек Нұрқаділовтің өлімі. Үш рет атылған оқ және режимді сақтап қалу жолы», «Арон Атабектің қапаста өткізген 14 жылдағы алғашқы өтініші», «Сайлаудан кейінгі бір жыл. Тоқаев Назарбаевтың көлеңкесінен шыға алды ма?», «Совет кезінде қуғындалып, Назарбаев тұсында диссидентке айналған Кәрішал Асанов» сынды мақалаларын оқырман тарапынан көп оқылып, талқыланған.
ORDA редакциясы Қазис Тоғызбаевтың отбасы мен жақындарына қайғырып, көңіл айтады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық