Танымал жазушы Әкім Тарази дүниеден өтті
Фото: \"Әділет\" газеті
Қазақстандық жазушы, драматург, сценарист Әкім Тарази өмірден озды, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұл туралы Қазақстан жазушылар одағының баспасөз қызметі мәлімдеді.
«Қадірлі ақсақалымыз Әкім Тарази өмірден озды. Қонақасы мен жерлеу рәсіміне қатысты ақпарат қосымша хабарланатын болады», — деп хабарлады жазушылар одағы.
Әкім Уртайұлы Әшімов (әдеби бүркеншік есімі – Әкім Тарази) — 1933 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Ол бүкіл саналы ғұмырын қазақ әдебиеті мен мәдениетінің дамуына арнады. Еңбек жолын мұғалімдіктен бастап, алғашқы туындыларын «Ара» журналында жариялаған. 1999 жылы Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, 2021 жылы Қазақстанның Еңбек Ері атағын алған. Сонымен қатар әдебиет және өнер саласындағы ҚР мемлекеттік сыйлығының лауреаты.
Әдебиеттегі алғашқы қадамы — 1966 жылы жарық көрген «Құйрықты жұлдыз» повесі. Кейінірек ол «Қара жұлдызға жол», «Қасірет», «Москва — Баласағыз» романдарын, «Күлкісіз комедия», «Жақсы адам», «Жолы болғыш Бүкен» пьесаларын жазды. Сонымен қатар «Іздер көкжиекке кетеді», «Қараш асуындағы атыс», «Ләйләнің тілегі» фильмдерінің сценарий авторы атанды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жазушының отбасы мен жақындарына көңіл айтты.
«Әкім Тарази бүкіл саналы ғұмырын сөз өнеріне арнаған, төл әдебиетіміз бен мәдениетімізді төрге оздырған ұлтымыздың біртуар перзенті еді. Дарынды қаламгер қазақ прозасының көкжиегін кеңейтті, ұлттық кино және драматургия саласына өлшеусіз үлес қосты. Асыл мұратынан ешқашан айнымаған қалам иесін көзі қарақты оқырман «Әдебиет әлемінің Әкімі» деп ардақ тұтты, зиялы қауым оның шығармашылығымен қатар адамгершілік қасиеттерін ерекше бағалады. Өнегелі өмір сүріп, соңына мол мұра қалдырған Әкім Таразидің жарқын бейнесі халқымыздың жүрегінде мәңгі сақталады», — деп жазды президент жеделхатында.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық